
«Барыс» БЖСМ түлегі Кирилл Никитин бүгін негізгі команда құрамында мұз айдынына алғаш рет шықты. Қорғаушы «Нефтехимикпен» кездесуге түсініктеме берді және жаңа деңгейдегі бірінші матчтан кейінгі эмоцияларымен бөлісті.
- Сезімдер керемет. Мен өмір бойы осы сәтті армандадым. Сонымен қатар, матч біз үшін жақсы өтті. Командадағы жақсы атмосфера, барлығы бір-бірін қолдайды, сондықтан бойымда ешқандай толқу болмады. Енді ҚХЛ чемпионатында ойнап, тұрақты негізде құрамнан орын алу керек.
- Сен тек бір матч өткізген болсаң да, осы уақыт ішінде бірінші командамен бірге жаттықтың. Бейімделу қиын болды ма?
- Жылдамдықтар мүлдем басқа. Қазақстан чемпионатынан да, жастар әлем чемпионатынан да ерекше. Жалпы, ҚХЛ-да, соның ішінде біздің командада көптеген тәжірибелі ойыншылар бар. Деңгей басқа екені қатты сезіледі. Менің ойымша, мұндай жаттығулар тек пайда әкеледі.
- Өз жетістіктеріңізді немен түсіндіресіз? Маусымды «Қар Барыстарынан» бастап «Барыс» құрамына дейін жеттің, сонымен бірге Универсиада және өзін атап өткендей, Жастар арасындағы әлем чемпионатына да қатысып үлгердің.
- Иә, жарақат алғаныма қарамастан, мен өткен жылы жақсы тәжірибе алдым. Мен барымды салып жаттығуға, техниканы, жылдамдықты және дриблингті жақсартуға тырысудамын. Сонымен қатар, әртүрлі серіктестермен ойнағанда, жаңа нәрсені есте сақтауға, оны ойындарда қолдануға тырысамын.
- Бірінші командада серіктестердің қайсысын атап өтер едің?
- Бәлкім Алекс Грант. Ол қазірдің өзінде тәжірибелі қорғаушы, жақсы соққысы бар, көк сызықта жақсы ойнайды. Жалпы алғанда, мен жас ойыншы ретінде бәрінен біліп-үйренуге тырысамын. Енді ең бастысы – жылдамдықты арттыру. Егер жақсы қозғалсам, бәрі ойдағыдай болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.