6 қазанда «Барыс» Нижний Новгород қаласында «Торпедомен» ойнайды.
Игорь Ларионовтың шәкірттері дүйсенбі күні үйдегі ойындар сериясын овертаймда Минск «Динамосынан» 2:3 есебімен жеңіліспен бастады. Максим Федотов пен Денис Ян мергендіктерін көрсетті. Қақпашы Иван Кульбаков өз есебіне 28 сейв жазды. Нижний Новгород қаласынан келген команданың тәлімгері баспасөз мәслихатында команданың бір ұпай жоғалтқанын атап өтті.
13 матчта «Торпеда» командасы 17 ұпай жинады. Бүгінгі таңда бұл Батыста бесінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Команданың үздік шабуылшысы Алексей Кручинин (12 ұпай, 4+8) соңғы екі ойында нәтижелі ойынмен ерекшеленбеді.
«Барыс» өткен турда өз аренасында «Нефтехимикке» жол беріп, өзінің үш жеңіс сериясын үзіп алды. Нижнекамск командасының қақпасына тасталған жалғыз шайбаның авторы Джереми Бракко болды, қазіргі таңда ол астаналықтардың үздік шабуылшысы (13 ұпай, 5 + 8). 12 рет пас берген Джесси Грэм үздік көмекшілердің үштігіне және КХЛ-дың үздік шабуылшы-қорғаушыларының үштігіне кіреді. Андрей Скабелка матчтан кейін ойын тәртібінің кейбір сәттеріндегі қателіктер мен жетіспеушіліктерге қынжылды.
Жеңілгеніне қарамастан, қазақстандық ұжым Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. «Барыстың» есебінде 14 ойыннан кейін 15 ұпай жиналды. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшылар Дмитрий Гурков пен Майкл Шапю бар.
«Нагорный» МОК мұздағы матч астана уақытымен сағат 22:00 басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.