ҚХЛ. Салават Юлаев – Барыс матчының алдында
29 Қазан 2022

ҚХЛ. Салават Юлаев – Барыс матчының алдында

«Барыс» төрт матчтық сырт айдындағы ойындар сериясын «Салават Юлаевпен» болатын кездесумен аяқтайды.

Сенбі күні Шығыс конференциясы көшбасшыларының бірі «Барысқа» қарсы ойнайтын болады. Виктор Козловтың командасы қатарынан бес матчта жеңіс тойын тойлады, ал соңғы екі кездесуде «Салават Юлаев» өзінің ежелгі қарсыласын - «Ақ Барс» қомандасын «жасыл» дербиде қапы қалдырды. Сәрсенбі күні «Салават Юлаев» командасы 4-1 есебімен өз айдынында жеңіске қол жеткізді. Команданың үздік бомбардирі Сергей Шмелев (18 ұпай, 9+9) қос шайбаның, ал Иван Дроздов пен Владислав Картаев бір-бір голдың авторы атанды. Қақпашы Илья Ежов өз қақпасын 31 рет аман сақтап қалды. Ойыннан кейін қарсылас команданың бас жаттықтырушысы мұндай ойындардың нәтижесін ұсақ-түйек нәрселер шешетінін айтты.

22 матчтан кейін «Салават Юлаев» командасының қоржынында 31 ұпай бар, және олар конференция кестесінде үшінші орынға табан тіреді. Жарақат алған ойынщылар тізімінде Джошуа Хо-Сэнг бар. Команданың бірден үш ойыншысы Челябинскіде өтетін алдағы Жұлдыздар апталығына қатысадтын болады, олар - қақпашы Андрей Кареев, қорғаушы Райан Мерфи және шабуылшы Саша Хмелевский.

Өткен турда «Барыс» өзінің жеңілістер сериясын үзуге жақын болды, алайда «Сібірмен» болған ойында 4:3 есебімен новосібірліктер жеңіс тойын тойлады. Линден Вей маусымдағы өзінің 11 шайбасын соғып, келесі күні ол Лигамен Жұлдыздар апталығына қатысу үшін таңдалды. Дәл қазір ол қазақстандықтардың ең нәтижелі ойыншысы (17 ұпай, 11+6) болып табылады. Аркадий Шестаков пен маусымдағы алғашқы шайбасын салған Дінмұхамед Қайыржан бір-бір голдан соқты. Никита Бояркин өзі қорғаған қақпаға бағытталған 33 соққыға тосқауыл болды.

Андрей Скабелка команда өткен матчтарға қарағанда жақсырақ ойнағанын, бірақ бұл әлі де оң нәтиже бермегенін атап өтті. 24 кездесудің қорытындысы бойынша астаналықтар өз қоржындарына 23 ұпай салды. Әзірге бұл плей-офф аймағында болуға мүмкіндік береді.

 

«Уфа-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 17:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL Prime арналарында өтеді.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2