ҚХЛ. «Барыс» – «ЦСКА» матчы қарсаңында
12 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Барыс» – «ЦСКА» матчы қарсаңында

Қиыр Шығыстан оралған «Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын бастайды. Бүгін елордалық клуб мәскеулік «ЦСКА»-мен кездеседі.

Мәскеулік ұжым өткен сейсенбіде екатеринбургтің «Автомобилистіне» жол беріп (2:4), бес матчтан тұратын жеңісті сериясын үзді. Никита Нестеров пен Антон Слепышев соғылған шайбалардың авторы атанса, қақпашы Адам Рейдеборн 20 соққыны кері қайтарды. Сергей Фёдоров осы жеңілістен бапкерлер құрамына ой салғанын айтты.

«ЦСКА» осы маусымның 48 кездесуінде 67 ұпай жинап, Батыс конференциясының үштігінен орын алып тұр. Констанстин Окулов (13+21) – команданың үздік сұрмергені. Қорғаушы Данил Юртайкин жарақат алғандар тізімінде.

«Барыс» сырт айдындағы ойындарда тек үш ұпай еншілей алды. Соңғы матчта Андрей Скабелка шәкірттері Павел Хомченкоден айласын асыра алмай, «Адмиралдан» 0:3 есебімен жеңілді. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында қазақстандық команданың бас бапкері шәкірттеріне тың жнергия жетіспегенін және айып уақыттары жеңіліске себеп болғанын атап өтті.

Биылғы маусымның 50 матчында астаналық клуб 48 ұпай олжалады. Бүгінде бұл – Шығыс конференциясындағы сегізінші нәтиже. Команданың үздік сұрмергені Линден Вейдің қоржынынжа 33 (15+18) ұпай бар. Егор Шалапов пен Нельсон Ножье жарақат алғандар тізімінде қала берәп отыр. Шабуылшы Кирилл Савицкийдің матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз.

Екі команданың кездесуі «Барыс Арена» мұз сарайы айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.h Barys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport және KHL Prime телеарналары, Bas Sport сайты ұсынады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2