ҚХЛ. «Барыс» – «Автомобилист» матчы қарсаңында
24 Желтоқсан 2022

ҚХЛ. «Барыс» – «Автомобилист» матчы қарсаңында

«Барыс» биылғы жылы өз айдынында өткізетін матчтар сериясын «Автомобилистпен» қорытындылайды.

 Өткен матчта екатеринбургтік ұжым өз алаңында «Сибирьден» ойсырай жеңілді (0:4). Айдын иелері қарсылас қақпасына 31 соққы жасағанымен, Денис Костиннен айласын асыра алған жоқ. Николай Заварухин гол соғатын мүмкіндіктер көп болғанын, бірақ жүзеге асыруда дәлдік жетпегенін айтты.  

41 ойында «Автомобилист» 59 ұпай жинаған. Стефан Да Коста (14+30) – ҚХЛ үздік сұрмергені және ассистент. 26 гол соққан Брукс Мэйсек Лиганың үздік снайперлерінің көшін бастап тұр. Сырқаттанып қалған Юхан Маттсон команданың сырт айдындағы ойындарына қатыспайды.

Сәрсенбіде «Барыс» өз айдынында «Авангардқа» есе жіберіп (1:3), жеңістер сериясын үзді. Аркадий Шестаков матч есебін ашқанымен, одан әрі қарай тек қонақтар гол салды. Юлиус Гудачек 26 сейв жасады. Андрей Скабелка артық құрамды жүзеге асыратын бестіктің әлсіз ойнағанын айтты. 42 ойында 39 ұпай еншілеген астаналықтар Шығыс конференциясында 9-орында тұр.

Биылғы тұрақты маусымда «Барыс» пен «Автомобилист» бір-бірімен төрт рет кездесіп үлгерді. Алғашқысында қазақстандық ұжым жеңіске жетсе (2:0), ресейліктер үш матчты өз еншілеріне жаза білді (2:0, 4:3 ОТ, 2:0).

Матч «Барыс-Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.

 

Ойын билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.hcbarys.kz сайтымыздан алуға болады.

Матчтың тікелей көрсетілімін Qazsport және KHL телеарналарынан, Bas Sport сайтынан көруге болады.

 

Матчтан кейін дәстүрлі «Мишкопад» акциясы өтеді. Жұмсақ ойыншықтарды өзіңізбен бірге әкелуіңізге немесе «Барыс-Аренадан» сатып алуға болады. Барлық ойыншықтарды «Барыс» қайырымдылыққа жібереді.

МАҢЫЗДЫ!

Ойыншықтарды мұзға матч біткеннен кейін (жүргізуші сигналымен), қорғаныс торы түсірілген соң лақтыруға болады.

Сыртқы бейнесі сақталуы үшін барлық ойыншықтар арнайы пакетке немесе пленкаларға салынған болуы тиіс.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады