ҚХЛ. Барыс – Ақ Барс матчының алдында
10 Қазан 2021

ҚХЛ. Барыс – Ақ Барс матчының алдында

«Барыс» өз айдынындағы соңғы ойынын «Ақ Барсқа» қарсы өткізетін болады.

Қазандықтар Қазақстан астанасына үй айдынындағы қатар екі жеңілісінен кейін келді. Өткен турда «Ақ Барс» Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургтен» 1:3 есебімен жеңіліс тапқан еді. Магнитогорсқ қаласынан келген ұжымның қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы - команданың үздік бомбардирі Дмитрий Кагарлицкий. Оның активінде жеті гол мен екі пас бар. Қақпашы Тимур Билялов 32 соққыны қайтарды. Матчтан кейін айдын иелерінің бапкері Дмитрий Квартальнов екінші кезең жеңіліске әкелгенін атап өтті, сонымен қатар қарсы шабуылдарға әкелген көптеген қателіктер туралы айтты.

16 матчтан кейін «Ақ Барс» командасының активінде 21 балл бар, бұл Шығыс конференциясында төртінші орынға тұрақтауға мүмкіндік беруде.

«Барыс» жұма күні үй айдыныда СКА командасын жеңді. Кездесу барысы айдын иелерінің көпшілік құрамдағы ойынды голға асыруымен айқындалды. Нәтижелі соққылармен Мэттью Фрэттин, Никита Михайлис және ҚХЛ-дағы бірінші шайбаны өз активіне жазған Олле Альсинг көзге түсті. Йони Ортио 24 соққыны қайтарып, екінші матч қатарынан қақпасына шайбаны жіберместен мұз айдынынан кетті. Юрий Михайлис баспасөз-маслихатында команданың аянбай және ұқыпты ойнағанын атап өтті.

16 матчта «Барыс» 14 ұпай жинады. 9 қазандағы жағдай бойынша Нұр-сұлтан қаласының ұжымы Шығыс конференциясында алтыншы орынға табан тіреді. Команданың ең нәтижелі ойыншылары Никита Михайлис (6+9 ұпай) және Кертис Волк (5+10 ұпай). 

Өткен маусымда «Барыс» пен «Ақ Барс» өзара төрт кездесу өткізді. Олардың үшеуінде Татарстан астанасынан келген команда жеңісті тойлады.

Айта кетерлік жайт, командалардың алдағы кездесуі кезекті рет «Қар барыстарын құтқарамыз» ұранымен өтетін болады. Дәстүр бойынша қарсыластар формасына фирмалық логотипі бар шеврондар тігіледі.

Екі клубтың ынтымақтастығы жойылып бара жатқан аң проблемасына назар аударуға және қар барыстарының популяциясын зерттеу үшін қаражат жинауға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» БҰҰДБ-мен (Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) ынтымақтастық орнатқан және бірнеше жыл бойы клубтың үй айдынындағы ойындарында «Қар барысын қорғау күнін» өткізіп келеді. БҰҰДБ «Барыстың» қатысуымен қар барыстарының экологиялық жағдайы мен қоныс аудару жолдары туралы ақпарат жинау үшін қарғыбау түріндегі спутниктік таратқыштарды қолдануды жоспарлап отыр.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 16:20-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады. Матчтарға «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетініне назар аударуды сұраймыз.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,80 | Х – 4,05 | П2 - 2,25.

 

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы