КХЛ. Авангард – Барыс матчы алдында
25 Қазан 2022

КХЛ. Авангард – Барыс матчы алдында

«Барыс» «Авангардпен» кездесудің төрт матчты қонақтағы ойындар сериясын жалғастыруда.

Туған қаласына жақында оралған Омбылық ұжым ағымдағы маусымға қиналып кірді. Тұрақсыз нәтижелер бас жаттықтырушының ауысуына алып келді, содан кейін «Авангард» дағдарыстан шыға бастады. Өткен турда Михаил Кравецтің командасы үйдегі ойында «Северстальді» 4:3 есебімен жеңді. Омбылықтардың құрамындағы голмен есепті жаңадан келген ойыншы Зият Пайгин ашты, Сергей Толчинскийдің есебіне бір дәл берілген соққы жазылды. Кездесудің басты кейіпкері және команданың үздік шабуылшысы Рид Буше дубльмен ерекшеленді, ол маусымдағы он гол белгісіне жетті (барлығы 16 ұпай). Матчтан кейін бас жаттықтырушының м.а. команданы негізсіз ойыннан шығарудың жеңіліске әкеп соға жаздағанын атап өтті.

21 кездесуде «Авангард» 18 ұпай жинады, ал бұл Шығыста оныншы орынды иеленуге мүмкіндік береді. 24 қазанның кешінде жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Кристиан Ярош пен шабуылшы Наиль Якупов болды.

«Барыс» өзінің қонақтағы ойындар сериясын «Нефтехимиктен» жеңіліспен бастады (2:4), айта кетелік, астаналықтар, маусымдағы екінші ойында Нижнекамск қаласының ойыншыларынан жеңіліп қалды. Егор Петухов пен Энтони Луис мергендік шоттарын толықтырды. Қақпашы Юлиус Гудачек қақпаға тасталған 30 соққыға тойтарыс беріп, нәтижелі паспен ерекшеленді. Андрей Скабелка баспасөз мәслихатында оның шәкірттерінің бұрын жеңіс әкелген жұмыстарын тоқтатқаны туралы хабарлады.

22 матчтан кейінгі 23 ұпай қазақстандықтарға плей-офф аймағында өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Барыс» өз конференциясында алтыншы (бесінші) болып отыр. Линден Вей өз командасының шабуылшылар жарысының жеке-дара көшбасшылары қатарына қайта кірді, капитанның есебінде 16 (10+6 ұпай) бар. Шабуылшылар Ансар Шайхмедденов, Майкл Шапю және Никита Михайлис әлі күнге дейін лазаретте. Кирилл Савицкийдің алдағы матчқа қатысуы екіталай, ол Нижнекамскіде жарақат алған болатын.

Ағымдағы маусымда «Барыс» пен «Авангард» Қазақстан астанасында екі ойын өткізіп үлгерді. Біріншісінде мұз айдыны иелері 5:3 есебімен жеңіске жетті, екіншісінде ресейлік ұжым 5:2 есебімен мықтырақ болды.

Матчтың басталуы «G-Drive Арена» мұз айдынында астана уақытымен сағат 19:30 басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL Prime арналарында болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы