ҚХЛ. Йокерит – Барыс. Матч алдында
21 Қаңтар 2020

ҚХЛ. Йокерит – Барыс. Матч алдында

ҚХЛ тұрақты чемпионаты сейсенбі күні Мәскеудегі Жұлдызды уикендтан кейін қайта басталады. "Барыс" Финляндияда көшпелі сериясын ашады. Хельсинкидегі "Хартвалл Арена" мұз айдынында біздің команда жергілікті "Йокеритпен"ойнайды. "Барыс" қатарынан үш матчты жеңіп, өз алаңында үзіліс алдында өз сериясын жоғары нотамен аяқтады. Команда құрамында сапарға бірнеше ай жіберіп алған Виктор Сведберг аттанды, ол жарақат алғандар тізімінен ресми түрде шығарылды. "Барыс" капитаны Даррен Диц Жұлдыздар Матчына қатысып, Мәскеуден тікелей ұшып келіп Хельсинкиде командаға қосылды. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" үшінші орында орналасқан – 49 матчта 65 ұпай. Жарақат алғандар тізімінде тек шабуылшы Ииро Пакаринен ғана қалды.  

"Йокерит" Жұлдызды Уикендке үзіліс алдында соңғы ойын сәтсіз өткізді. Лаури Марьямяки командасы Санкт-Петербургте жергілікті СКА-дан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Батыс Конференцияның кестесінде фин клубы 48 ойында 65 ұпай жинап, 4-ші орынға тұрақтады.
Төрт матчты - форвард Петри Контиоланың (2+3) нәтижелі сериясы құрайды. Жарақат алғандар парағында: шабуылшы Хенри Иконен және қорғаушы Оливер Лауридсен.
Бұл "Барыс" пен "Йокерит" арасында қазіргі тұрақты чемпионаттағы екінші кездесу. Желтоқсанның басында Марко Анттиланың дублі финдік командаға Қазақстаннан 4:2 есебімен жеңісті алып кетуге көмектесті.

Хельсинкидегі матч Астана уақытымен 22:30 басталады.
Тікелей трансляция Qazsport-та жүргізіледі.
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,00 | Х - 4,10 | П2 - 3,20. Толығырақ сілтеме бойынша

"Барыс" ХК-ның бас серіктесі - "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2