ҚХЛ. Джесси Грэм - Барыстың жаңа ойыншысы
20 Шілде 2022

ҚХЛ. Джесси Грэм - Барыстың жаңа ойыншысы

«Барыс» хоккей клубы Джесси Грэммен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Канадалық қорғаушымен келісім бір маусымға арналған (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін).

2019 жылға дейін қорғаныс ойыншысы Солтүстік Американың түрлі лигаларында өнер көрсетті. 2012 жылы ол «Нью-Йорк Айлендерс» клубында болған. Жалпы, АХЛ-да Джесси 215 матч өткізіп, 88 (19+69) ұпай жинады.

Өткен маусымда Грэм Аугсбургтегі «Пантер» түстерін қорғады. Германия чемпионатында қорғаушы 52 матч ойнап, 42 (3+39) ұпай жинады. Бұл нәтиже Джессиге өз командасының үздік бомбардирі болуға және Лиганың ең нәтижелі қорғаушылар тізімінде екінші орынға ие болуға мүмкіндік берді.


Джесси Грэм

Туған күні: 13.05.1994.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 84 кг.

Сырғытпатаяқты ұстауы: оң жақта.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Бояркин мен Гайтамировпен келісімшартын бұзды

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы алғашқы өз алаңындағы ойыны

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы