ҚХЛ. Автомобилист - Барыс. Матч алдында
13 Ақпан 2020

ҚХЛ. Автомобилист - Барыс. Матч алдында

"Барыс" ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы үзілістен кейін сапарға шықты. Қысқа сапардың бірінші пункті – Екатеринбург. Сейсенбі күні "Барыс" жергілікті "Автомобилистпен" алтыншы және соңғы кездесуін өткізеді. Алдағы матчқа біздің команда қатарынан үш рет жеңіске жетті: олардың біріншісі 27 қаңтарда Екатеринбургте (4:2) болды, кейін "Нефтехимик" (2:1) пен "Авангардты" (4:3) жеңді. "Барыс" Шығыс Конференциясының кестесінде "Автомобилисттен" 3 ұпайға озып, үшінші орынға жайғасты: 55 матчта 73 ұпай. Күзден бастап алғаш рет команданың лазареті бос: шабуылшы Ииро Пакариненнің, сонымен бірге Виктор Сведбергтің командамен сапарға аттанып, алдағы ойынға қатысуға мүмкіндіктері бар.

"Автомобилист" Новосібірде буллиттер бойынша жергілікті "Сібірден" 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін халықаралық үзіліске көңілсіз кетті. Екатеринбург командасының ойыншыларының бес талпынысының ешқайсысы да сәтті аяқталмады. "Автомобилист" Шығыс Конференциясының кестесінде маусымдық серияда "Барысқа" жол беріп, төртінші орында тұр – қазақстандық команда бес кездесудің төртеуінде жеңді. "Автомобилисттің" жарақат алғандарының тізімінде үш ойыншы: қақпашы Якуб Коварж, қорғаушылар Рафаэль Батыршин, Николай Стасенко.  

Екатеринбургтегі матч астана уақыты бойынша сағат 20: 00 басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD телеарналарында көрсетіледі.
Fonbet – "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,12 | Х - 3,90 | П2 - 3,05. Толығырақ сілтеме бойынша

 "Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
18 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Польша

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан