ҚХЛ. «Барыс» – «Трактор». Бапкерлер пікірі (видео)
27 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Барыс» – «Трактор». Бапкерлер пікірі (видео)

«Барыс» - «Трактор» матчынан кейін (4:3) командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Анвар Гатиятулин, «Трактор» ХК бас бапкері


- Бірінші кезеңде қарсылас жылдамырақ болды, кей тұстарда қысым көрсетті. Орталық аймақта, шабуыл аймағынды қателік жібердік. Өз аймағымызға қайтуда дұрыс ойнамай, салдарынан гол жібердік, алайда жігіттер берілмей, жинақталды. Екінші және үшінші кезеңдерді жақсы өткіздік. Өкінішке қарай, бүгінгі матчта команданың тәртібі нашар болды, қажетсіз айып уақыттарын алдық. Ал қарсыла оларды жүзеге асырды. Соңына дейін күрестік. Ойынды басқа арнаға бұруға тырыстық, бірақ сәл сәттілік жетіспеді. 


Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері

- Қиын матч. Алдымен, командаға алғыс айтқым келеді. Күнтізбе күрделі. Көбірек шабуылда ойнап, шайбаны өз бақылауымызда ұстағымы келеді, алайда коандамызда жас ойыншылар көп, сондықтан кейбір сәттер осңына дейін жетпей қалып жатады. Бүгін команда мінез көрсетті, барын салып өнер көрсетті. Әрине, жанкүйерлерк еремет қолдау көрсетті. Көп рақмет! «Динамомен» болар ойынға дайындаламыз.


- Савицкий мен Вей жаттығуларға қайта кірісті, олар айдынға қашан оралады?

- Вейдің толық айығуына әлі де уақыт керек. Савицкий «Динамомен» кездесуде ойнап қалуы мүмкін.


- Олардың командадағы орны сезіле ме?

- Әрине, олар тәжірибелі ойыншылар, әсіресе Линден. Ол кубокқа қол жеткізудің жолын біледі. Бізге осындай ойыншылар жетіспейді. Әрдайым бұл көп матчқа қатыса бермейтіндерге және аз ойын уақытын алып жүрмін деп есептейтіндерге берілген жақсы мүмкіндік деп айтамын. Жігіттер жарап тұр. Өздерін дәлелдеп, көрсетуге тырысып жүр.


- Жақында ғана ан басымдығында ойнайтын Луис – Бракко – Шестаков - Борисевич – Грант арнайы бестігі пайда болды. Қазір команданың артық құрамдағы ойынына қандай баға бересіз?  

- Бүгінгі матчтан кейін, сан басымдығына баға берудің қажеті жоқ болар, екі мүмкіндіктің екеуін де жүзеге асырдық. Бұл бестік өткен ойында ғана жасақталды. Өкінішке қарай, бірде-бір рет артық құрамда ойнаған жоқпыз. Сагадеев пен Борисевичтің үштіктері жақсы үйлесім тауып жүр. Сондықтан оларға бір шабуылшыдан қосқан дұрыс деп ұйғардық. 

 

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan