
"Барыс" ұзаққа созылған үй сериясын "Торпедомен" болған матчпен аяқтады. Бұл командалардың осы маусымдағы бірінші бетпе-бет кездесуі.
Нижний Новгород командасы сейсенбіде ЦСКА-мен үйде ауыр жекпе-жек өткізді. Бұл ойында Мәскеудің әскерилері соңғы минуттарда жеңіске жетті – 2:1. "Торпедо" құрамы салған жалғыз шайбаның авторы Иван Чехович болды. Қақпашы Андрей Тихомиров қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.
Қазіргі уақытта Дэвид Немировскийдің шәкірттері Шығыс Конференциясында жетінші орында. Команда активінде 34 матчтан кейін 36 балл бар. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Зият Пайгин және шабуылшы Семен Дер-Аргучинцев бар.
"Барыс" 6 желтоқсанда "Витязьдан" буллиттер бойынша басым түсті – 3:2. Бұл ретте кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының ұжымы екі шайба есе жіберді. Негізгі уақытта Мэттью Фрэттин және Роман Старченко ерекшеленді, шешуші буллит Фил Вароненің есебінде. Голкипер Йони Ортио өзінің активіне тойтарылған 40 лақтырысты қосты.
Юрий Михайлис командасының активінде 30 матчтан кейін 33 ұпай, бұл Шығыста тоғызыншы орын. Қорғаушылар Даррен Диц, Джесси Блэкер және Виктор Сведберг әлі де лазаретте. Шабуылшы Дмитрий Шевченко жарақат алғандар тізімінен шығарылып, "Номадта" қалпына түсіп жатыр.
"Барыс Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Тікелей трансляция Qazsport арнасында .
️Матч КӨРЕРМЕНДЕРСІЗ өтеді
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,20 | Х – 4,25 | П2 - 2,75.
"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.