КХЛ. Барыс – Северсталь. Матч алдында
10 Қазан 2020

КХЛ. Барыс – Северсталь. Матч алдында

 Екатеринбургке барған қысқа сапардан кейін "Барыс" "Северстальмен" болатын матч үшін өз аренасына оралады. Сәрсенбіде "Автомобилистпен" болған ойында біздің команда негізгі уақытта – 2:3 есебімен ұтылды. Салған шайбаларымен Роман Старченко мен Якоб Лилья көзге түсті. Қазақстандық шабуылшы үшін бұл "Барыс" күртесіндегі 178-ші гол, келесі дәл лақтыру оған ҚХЛ клуб тарихындағы үздік мергендер тізімінде Брэндон Боченскиді қуып жетуге мүмкіндік береді. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" 8 ойында 9 ұпай жинап, 10-шы орында тұр. Екатеринбургтегі матчты өткізіп алған Егор Шалапов пен Линус Виделл командаға оралып, көмектесуге дайын. "Барыс "2012 жылдан бастап Череповец клубымен өткен соңғы сегіз кездесуінде жеңіске жетіп, Қазақстанда "Северсталь" командасына есе жіберіп көрмеген.   

"Северсталь" Қазақстанға Хабаровскіден келді. Бейсенбі күні "Амур" командасымен болған ойында Андрей Разиннің командасы матч соңында 85 секундта екі шайба жіберіп, 1:3 есебімен ұтылды. Жалғыз голды Даниил Вовченко соқты. 20 жастағы қақпашы Константин Шостак маусымда дебют жасады, ол өзінің қақпасына жасалған 40 лақтырыстың 38-ін қайтарды. Батыс Конференциясының кестесінде "Северсталь" плей-офф аймағында – 12 ойында 13 ұпаймен жетінші орында. Қақпашы Александр Подяпольский, шабуылшылар Артем Гареев пен Абдул Индржих жарақат алған ойыншылар тізімінде.

"Барыс Аренада" өтетін ойын елорда уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD.
Матч КӨРЕРМЕНДЕРСІЗ өтеді
 Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады:  П1 - 1,85 | Х – 4,30 | П2 - 3,55. 
 

 "Барыс" ХК бас серіктесі-"Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады