«Барыс» - «Салават Юлаев» матчынан кейін (2:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Виктор Козлов, «Салават Юлаевтың» бас жаттықтырушысы
- Ойынды жақсы бастадық, гол соғып есеп аштық. Үшінші кезеңде көпшілікте жақсы ойнадық, содан кейін «Барыс» есепті теңестіруге барын салды. Біз ойынды уысымыздан сәл жіберіп алдық, бірақ бұл «Барыс» белсенді ойнай бастағанына байланысты еді. Жігіттер жарады, ойын соңында сақ болды, шыдамдылық танытып, маңызды екі ұпай жинады.
- Есеп 3:0 болғаннан кейін командаңыз сәл-пәл ерініп әрекет ете бастағандай болды ма?
- Жоқ, бұл алдамшы сезім. «Барысқа» қарсы ойнаған кезде оларға жанкүйерлер әрдайым қолдау көрсетіп жатады, әсіресе үй айдынында өтетін ойындарда. Қауіпті команда, сапында жақсы шеберлер көп, олар жақсы сырғанап, бізді қателесуге мәжбүрледі.
- «Барыс» ойыншыларынан кімді атап өтер едіңіз?
- Білесіз бе, мен өз ойыншыларымның әрекеттері жайлы көбірек айтқым келеді. Қарсылас команданың ойыншыларына олардың жаттықтырушысы жақсырақ баға берер. Мен өз жігіттерімді мақтауым керек, бірақ қажет болғанда ұрысып та қоюым керек.
Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы
- Баршаңызды маусымның басталуымен құттықтап, жанкүйерлерге осындай қолдау көрсеткені үшін, командаға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтқым келеді! Ойын бойынша айтар болсам: біз бұл матчқа ұзақ уақыт кірдік. Бізде өте жақсы команда бар. Біз жақсы ойнай аламыз, бірақ нақты осы ойын жайлы айтатын болсақ, ойынға өзіміз қалағандай кіре алмадық. Екінші кезең: біз көпшілікте ойнаған кезде гол соғуымыз керек еді, сол голды соққан кезде энергия көбірек болар еді. Бірақ, өкінішке орай, үшінші кезеңге қарай ғана біз өзіміз қалағандай ойнадық. Бұл матчты құтқарып қалу үшін бізге уақыт жетпеді. Маған үшінші кезең мен команданың көңіл-күйі қатты ұнады. Енді «Сібірмен» болатын ойынға дайындаламыз.
- Команда жеңіске жеткенде, біз сіздің аузыңыздан «жігіттер жарады» деген сөзді естиміз. Құпия болмаса бүгін командаға не айттыңыз?
- Чемпионаттың басы ғой, қобалжу болды. Шайбаны ұстамадық, командаға пайда әкелетін шешімдерді қабылдай бермедік. Мен жігіттерге үшінші кезең жақсы болғанын айттым, оларға соңына дейін ойнағандары үшін алғыс айттым. Егер дәл осылай ойнайтын болсақ жеңістер келеді.
- Команда сапында Әділ Бекетаевты қашан көреміз?
- Ол ауыр операциядан кейін қалпына келуде. Мен сізге нақты мерзімін айта алмаспын, бірақ қазан айының соңынан ерте оралмас деп ойлаймын.
- Бірінші кезеңде ойын тәртібін сақтадық, ойыннан қуылмадық ал екінші және үшінші кезеңде керісінше ойыннан қуыла бастадық. Сіздің әріптесіңіз бұны эмоциялармен түсіндірді, сіз онымен келісесіз бе?
- Бірінші кезеңде батылдық танытпадық, сондықтан «Салават Юлаев» шайбаны ұзақ ұстады. Біз позициялық түрғыдан айтарлықтай жақсы ойнадық, бірақ бізге энергия жетпей жатты. Екінші кезеңде біз ойын өрнегін жақсарттық. Ойыншылар ойыннан қуыла бастады. Әлихан Өмірбеков ойынға жақсы кірді. Әлихан Әсетовпен және Дінмұхамед Қайыржанмен бірге олар қуат беріп, қарсыластын ойыншыларын ойыннан қуылуға мәжбүр етті. Өкінішке орай, біз үлкен төрт минуттық ойыннан қуылуды пайдаланып қала алмадық. Ойыннан қуылу екі жаққа да істейді ғой. Гол соққан кезде соғылған гол командаға серпін береді, ал соқпаған жағдайда бұл командаға теріс әсер етеді. Бізде көпшілікте ойнауға арналған екі бригада бар, олар сол уақытта ойнайды, ал қалған жігіттер ол кезде демалады, сол сәтте гол соққанда команда серпін алады. Үшінші кезеңде ойыншылардың орналасуын өзгерттік, осыған байланысты ойын өрнегін жақсарттық. Көпшілікте гол соқтық, тағы да гол соғуға болатын сәттер болды. Үшінші гол енді артық болды, қиын түсті. Есепті теңестіруге болатын жақсы сәттер болғанымен, уақыт жетпеді.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.