ҚХЛ. Барыс – Динамо Рига. Баспасөз конференциясы (бейне)
03 Қаңтар 2022

ҚХЛ. Барыс – Динамо Рига. Баспасөз конференциясы (бейне)

«Барыс» - «Динамо» матчынан кейін (7:1) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Владимир Крикунов, «Динамо» бас жаттықтырушысы

- Бізде 12 жарақаттанған ойыншы бар, барлық үштіктер араластырылған. Ойынды үш бестіктен бастадық, себебі ойыншылар жетіспеуде, бірақ бұл ақтау емес. Бүгін бізде тек қақпашы ғана ойнады, қалғандары болса тек ойнап жүрген сынай танытты. Мүмкін, бұл мерекенің салдары немесе ойынға жеткіліксіз дайындалу шығар. Біз бұны талдайтын боламыз, талқыға салып, жігіттердің есін жидыратын боламыз.

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас жаттықтырушысы:

- Жақсы ойын. Көптеген голдық сәттерді құрдық. Барлық үш кезеңде де біз ойында басымдыққа ие болдық, қарсылас аймағында көп ойнадық.  Осының нәтижесінде шайбалар соқтық. Біздің шабуылшылар жарады. Команда бұл ойынға керемет дайындалды. Қарсыласымыз соңғы матчтарда лайықты ойын көрсеткендерін білдік. Олар төрт ойын өткізіп әрқайсында ұпай алды. Біз бұған дайын болдық. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін мың да бір алғыс!

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2