ҚХЛ. Барыс – Авангард. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)
15 Қыркүйек 2022

ҚХЛ. Барыс – Авангард. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)

«Барыс» - «Авангард» матчынан кейін (5:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Дмитрий Рябыкин, «Авангардтың» бас жаттықтырушысы

- Ойынды жақсы бастадық, содан кейін міндетті емес голдарды жіберіп алдық. Бірақ бір ұнағаны - жігіттер соңына дейін күресті. Сәл ғана жетпеді, есепті теңестіре алатын мүмкіндігіміз де болды, бірақ бос қақпаға гол жіберіп алдық.

- Бүгін «Барыс» ойыншыларының қайсысын атап өтер едіңіз?

- Маған Вей, Михайлис ойнайтын бірінші үштік қатты ұнады. Грэм ұнады, шайбаны жақсы ұстап, шабуылға қосылып отырды. Айтарлықтай мықты команда.

Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

Өте жақсы ойын болды, жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Қолдау көрсеткендері үшін оларға көп рақмет. Шабуылда команда қызықты ойнады. Көптеген қауіпті сәттер орын алды, бірақ қорғаныстағы ойынды жақсарту керек. Келесі ойынға дайындалудамыз.

- Команда сапында Савицкийді көрмедік, буындарды ауыстыруға тура келді, бұл ойынға әсер етті ме?

- Әрине, әсер етті. Жетекші ойыншымыз, ол медициналық себептерге байланысты құрамнан тыс қалды. Команда құрамын қайта жасақтауға тура келді.

- Біз жаңадан келген ойыншылар Ножье мен Гудачекті қашан көре аламыз?

- Қорғаушы бүгін келді, біз оны мұзда әлі көрмедік. Ол медициналық тексеруден өтті. Ертең таңертең мұзға сырғанауға шығатын болады. Сол ертең біз оның қаншалықты ойынға дайын екенін шешеміз. Қақпашы болса тек ертең келеді.

- Аңсарды шетелдіктермен үштікке қойып едік, ол болса бірден ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты. Бұл жаттықтырушының көрегендігі болды ма?

- Көріп отырғаңыздай, біз Луис пен Браккоға серіктес іздеудеміз. Мен Аңсарды сынап көруді шешкен сәт келді. Ол берілген мүмкіндікті пайдаланып қалды. Ертеңгі ойында ол осы жігіттермен бастайтын болады деп ойлаймын.

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары