«Амур» - «Барыс» матчынан кейін (1:0) командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері
- Бүгінгі матчта көп күш жұмсадық. Тағар мінім мен артық сұрағым жоқ. Тәртіптің жоқтығынан екінші матчта да жеңіліс таптық. Кешегі ойында айып уақыттары жеңіске жетуге жол бермеген. Бүгін команда 7 рет айдыннан қуылды – бұл тым көп. Оған қоса, Аликин де сенімді ойнады, одан айламызды асыра алған жоқпыз. Біздің қақпа алдында жасаған барлық мүмкіндігімізді ол нәтижесіз қалдырды. Келесі ойындарға дайындаламыз.
Вадим Епанчинцев, «Амур» ХК бас бапкері
- Екі күрделі матч. Бүгін 1:0 есебімен жеңіске жеттік. Маған мұндай есеп ұнамайды. Десе де, ойыншылар мен қақпашының жанкештілігінің арқасында жеңіске қол жеткіздік. Себеп 1:0 болғанына қарамастан, екі команда да шабуылда ойнауға тырысты. Екі ұжым да жақсы шабуылдар ұйымдастыра білді. Бір ғана гол соғылғанына қарамастан, бүгінгі матч жанкүйерлерге ұнады деген ойдамын. Қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын және мерекемен құттықтаймын!
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.