КХЛ. Плей-оффтың басталуына дейін 9 күн
20 Ақпан 2022

КХЛ. Плей-оффтың басталуына дейін 9 күн

«Металлург» пен «Барыс» арасындағы ширек финал сериясының басталуына дейінгі кері санақты жалғастырамыз.

9

 

Мәресіне жеткен тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Роман Старченко қарсыластар қақпасына 9 шайба соқты. Туа біткен мерген үшін үздік нәтиже емес, бірақ осы маусымда «Барыстың» аңызы екі маңызды межеге жетті.

Қыркүйек айының басында шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасында өзінің 700-ші матчын (қазір олардың саны 740) өткізді. Бұған қоса, 35 жастағы хоккейші бұл барлық кездесулерді «Барыс» формасында өткізді. Сонымен қатар, Роман ҚХЛ-дың барлық 14 маусымында өнер көрсетті, бұл бірегей оқиға.

Ал қаңтар айының басында Старченко өзінің 200-ші шайбасын соғып, сол кездегі лигада осы межені бағындырған жетінші ойыншы атанды. Әзірге ол тарихтағы «Барыстың» ең үздік мергендер тізімінде екінші орында тұр.

Соңғы рет «Барыстың» 48-ші нөмірі 2009-10 жылдардың сонау маусымында 10-нан кем гол соққан. Сондықтан Роман осы маусымда голдарын шешуші кезеңге сақтап қалды деп үміттенеміз.

Әлихан Әсетов өткен тұрақты чемпионатта нәтижелілігі үшін 9 (4+5) ұпай жинады. Іс жүзінде бұл ҚХЛ-дағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы мансабындағы ең үздік маусым.

Дәл осындай нәтижені біздің құраманың басқа ойыншысы Павел Акользин көрсетті, ол маусымаралық кезеңде «Барыстан» кетіп, қазір «Металлург» сапында өнер көрсетуде.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн