Веккьоненің хет-тригі Барысқа Shanghai Dragons командасын жеңуге көмектесті
07 Наурыз 2026

Веккьоненің хет-тригі Барысқа Shanghai Dragons командасын жеңуге көмектесті

«Барыс» сырт алаңдағы сериясың Шанхайда жалғастырып, «Айдаһарларға» қарсы матч өткізді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде қытай жанкүйерлері бірден жеті шайбаның куәсі болды. Есепті Райли Саттер ашып, Никита Бояркинмен жеке шыққан сәтін тиімді пайдаланды. Алайда көп ұзамай астаналықтарды ойынға капитан Кирилл Савицкий қайта қосты. Ол қарсылас аймағында Кирилл Ляпуновтың сәтті әрекетінен кейін гол соқты. Бір минутқа жетпей Райли Уолш артықшылықты жүзеге асырды. Артынша Адам Кленденинг көк сызықтан бағыттаған соққысымен дәлдік танытты. Бұған жауап ретінде «Барыс» екі шайбамен жауапқайтарды – Майкл Веккьоне мен Мэйсон Морелли мергендер тізімін толықтырды. Үзіліске 16 секунд қалғанда Борна Рендулич «5-ке 3» форматында ойнап, есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңде Веккьоне қақпаның арт жағынан жасаған соққысы бірнеше рикошет арқылы қақпаға еніп, дубль авторы атанды. Көп ұзамай Семён Симонов Дмитрий Шикиннің қақпасын алтыншы рет дәл көздеді, ал Владимир Кузнецов Бояркинді төртінші мәрте қапы қалдырды.

Үшінші кезеңде Всеволод Логвин мен сол Веккьоне тағы бір-бір шайбадан соғып, жергілікті жанкүйерлерді тағы да қапалантты.

10 наурызда Михаил Кравец ойыншылары Хабаровскіде «Амурға» қарсы ойнайды.

«Shanghai Dragons» – «Барыс» 4:8 (3:4, 1:2, 0:2)

1:0 – 00:57 – Саттер

1:1 – 04:48 – Савицкий (Ляпунов)

1:2 – 05:44 – Уолш (Уиллман, Веккьоне) АГ

2:2 – 08:07 – Кленденинг (Фу П., Саттер)

2:3 – 08:59 – Веккьоне (Уолш, Морелли)

2:4 – 15:17 – Морелли (Бреус, Бекетаев)

3:4 – 19:44 – Рендулич (Попугаев) АГ

3:5 – 22:23 – Веккьоне (Масси, Морелли)

3:6 – 25:58 – Симонов (Маккошен, Веккьоне)

4:6 – 27:37 – Кузнецов (Каблуков, Райлли)

4:7 – 42:41 – Логвин (Әсетов, Панюков)

4:8 – 56:56 – Веккьоне (Томпсон, Морелли) АГ

Қақпашылар: Шикин – Бояркин

Шанхайдағы «Восток» спорт орталығы. 7 558 көрермен.

Фото – Юрий Кузьмин, ҚХЛ.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

1536-1024.jpg
Фото - Юрий Кузьмин, КХЛ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасының қорытынды тізімінде