Касенов пен Лилья Беларусь құрамасымен өткен алғашқы матч туралы
20 Тамыз 2021

Касенов пен Лилья Беларусь құрамасымен өткен алғашқы матч туралы

«Барыс» шабуылшылары Якоб Лилья мен Әли Қасенов Беларусь құрамасымен болған алғашқы матчтан кейін алған әсерлерімен бөлісті.

 

Әли Қасенов

- Біздің бестік жеткілікті ойын уақытын алды. Ең бастысы – жаттықтырушының тапсырмасын орындау керек болды. Біз қарапайым ойнауға және әр ауысымда жақсылап еңбектенуге тырыстық. Әркім бірінші командада ойнауға лайық екенін дәлелдегісі келді. Осындай деңгейде өнер көрсеткен жақсы ғой, біз үшін бұл қосымша ынталандыру болары анық.

- Сен көпшіліктің бірінші бригадасында бірнеше ауысым өткіздің. Өзінді қалай сезінудесің?

- Иә, Кристиан Томас ойнаған жоқ, сондықтан жаттықтырушылар штабы маған мүмкіндік берді. Қақпашыны жауып, клюшканы соққыларға тосып және шайба қиыс ұшқан кезде оны қақпаға бағыттау бойынша тапсырма берілді. Бұл бригадада әрқайсысы гол соға алады. Маған өзімді осы рөлде сынап көру қызықты болды.

Якоб Лилья

- Бұл біздің ең жақсы ойынымыз болды деп айтуға келмес. Бірақ әзірге бұл тек маусым қарсаңы ғана. Чемпионатқа жақсырақ дайындалу үшін осындай матчтар қажет. Үлкен мұзда өздерін басқаша сезінгенін, барлық жігіттер атап өтті. Үшінші кезеңде күш салдық, ол алғашқы екі кезеңге қарағанда жақсырақ шықты. Қарсылас мықты болатын. Олар жоғары жылдамдықта ойнады. Бірақ бізде де көп сәт болды, біз бір ғана голдан артық гол соға алатын едік.

- Саған осыған дейін командалар түрлі ойын жағдайларын пысықтайтын, қосымша шағын таластарға қатысуға тура келді ме?

- Бұған дейін ешқашан қатыспаған екенмін. Әрине, маусым қарсаңындағы матчтарда мұны жасауға болатыны түсінікті. Менің ойымша, бұл әр команда үшін жақсы тәжірибе. Көпшілік пен азшылық бригадасын істе тексеруге, әртүрлі үйлесімдерді байқап көруге болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2