Барыс құрамында өзгеріс орын алды
10 Тамыз 2023

Барыс құрамында өзгеріс орын алды

«Барыс» клуб жүйесінде орын алған келесі өзгерістер туралы хабарлайды.

Қақпашы Джелал-ад-Дин Әмірбеков пен қорғаушы Эдуард Шетле «Номадпен» бір жылға арналған біржақты келісімшартқа қол қойды (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Қорғаушы Мәди Диханбек пен шабуылшы Әлихан Өмірбеков «Барыспен» бір жылға есептелген екіжақты келісімге келді (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Екі ойыншы да – «Барыс» БЖСМ түлегі. Өткен маусымда спортшылар «Номад» сапында өнер көрсетті. Диханбек плей-оффта қоса алғандағы Қазақстан чемпионатының 56 ойынында 22 (4+18) ұпайды олжалаған. Ал Өмірбеков 59 ойында (плей-оффты қоса алғанда) 40 (14+26) ұпай еншіледі. Мамыр айында екеуі де элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасаған.

Өткен маусымда «Номад» құрамында болған Кирилл Никитин «Барыспен» сынақ келісімшартына қол қойды. Бұл келісім 2023 жылдың 31 тамызына дейін есептелген.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис Айсұлуға тағы да есе жіберді

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

new-preview
Tomiris

Томирис бірінші орынға оралды