"Барыс" хоккей клубы Евгений Рымаревпен келісімшарт жасасқаны туралы ресми түрде хабарлайды. Қазақстан құрамасының шабуылшысымен біржақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін (2024 жылғы 30 сәуірге дейін) жарамды болады.
Форвард астаналықтарға жақсы таныс – бұған дейін ол "Барыс" жейдесінде Контитнентальды хоккей лигасында 207 матч өткізген болатын, ол үшін 44 (17+27) ұпай жинады. Соңғы жылдары Рымарев ЖХЛ-да ойнады. Ағымдағы маусымды Евгений Ханты-Мансийскідегі "Юграда" бастады. 19 кездесуде шабуылшы өз есебіне екі гол және сегіз нәтижелі пас жазды.
Олег Болякин, "Барыстың" бас менеджері
- Жаттықтырушылар штабы Рымаревтің мүмкіндіктері мен ойнау қасиеттерін, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасында жұмыс істеуін де жақсы біледі. Соңғы жылдары ол ЖХЛ-дағы үздік шабуылшылардың бірі болды. Біз Евгенийдің "Барысқа" көмектесуге, сондай-ақ өз тәжірибесін команданың негізгі құрамына кіретін жас ойыншыларға беруге дайын екеніне сенімдіміз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
"Барыс" ХК серіктесі - "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.