Джастин Бэйли Барысқа ауысты
22 Шілде 2026

Джастин Бэйли Барысқа ауысты

«Барыс» америкалық шабуылшы Джастин Бэйлимен келісімшартқа қол қойды. Біржақты келісім 2027 жыл 31 мамырға дейін, яғни бір маусымға есептелген.

Бэйли кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізді. Өткен маусымда шабуылшы «Анахаймның» фарм-клубы «Сан-Диего Галлз» сапында ойнады. Джастин тұрақты чемпионатта 25 шайба соғып, команданың үздік мергені атанды. Сонымен қатар 71 матчта 17 нәтижелі пас берді. Жалпы АХЛ-дегі мансабында 500-ден астам матч өткізіп, 182 шайба соғып, серіктестеріне 140 нәтижелі пас жасады.


Джастин Бэйли

Туған күні: 01.07.1995.

Амплуасы: шабуылшы.

Бойы: 193 см.

Салмағы: 97 кг.

Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ.


Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері

Джастин Бэйлидің клубымызға қосылғанына қуаныштымыз. Ол мықты әрі жылдам шабуылшы. Құрамды жасақтау барысында бізге тұрақты түрде гол соға алатын, қақпаға барынша ұмтылатын ойыншы қажет болды. Өткен маусымдағы 25 шайбасы оның деңгейін айқын көрсетеді. Джастин шабуыл шебіндегі өткірлігімізді арттырып, шабуылдарды нәтижелі аяқтауға өз үлесін қосады деп сенеміз.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры КҚ.

justin.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі