ҚХЛ дебютанттары. Семён Симонов
11 Сәуір 2025

ҚХЛ дебютанттары. Семён Симонов

ҚХЛ 2024-2025 жылдар маусымында «Барыс» құрамында клуб жүйесінің 16 ойыншысы Лигада дебют жасады. Жанкүйерлерді жаңа деңгейдегі алғашқы қадамдарын жасаған Лига дебютанттарымен таныстыруды бастаймыз.

Семён Симонов та маусым басында «Снежные Барсы» көшбасшы ойыншыларының бірі болып, негізгі командаға шақырту алды. Шабуылшы ҚХЛ-дағы дебюттік матчын 2024 жылдың 28 қыркүйегінде өткізді. Бұл кездесуде ол тек 16 секунд ойын уақытын алғанымен, маусым соңына қарай Симонов «Барыс» құрамында өз орнын алып, оның ойын уақыты орта есеппен 9 минут 22 секундқа дейін өсті. 24 кездесуде Семён 3 шайба соғып, 1 нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Сонымен қатар, оның есебінде 8 рет шайбаны тартып алу бар, шабуылшы 10 соққыға тосқауыл болып, 8 күштік әдіс жасаған.  

Фото 1. Симонов.jpg



«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ»АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»КҚ


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі