Есеп
бірінші кезеңнің ортасында ашылды – алаң иелері сәтті соққыдан кейін көк сызықтан Джейк Масси дәл соққы жасады. Жалпы алғанда, «Барыс» ойынды бақылауда ұстады, алайда өз аймағындағы екі қателік қарсыласқа ойынға қайта оралуға мүмкіндік берді. Үзіліске дейін Александр Шаров пен Никита Шашков астаналықтардың қақпасына бір-бір шайбадан соқты.
Екінші кезеңде «Барыс» бірқатар голдық мүмкіндіктер жасады. Сол сәттердің бірінде Мэйсон Морелли буллитті жүзеге асыра алмады, ал Майкл Веккьоне мен Райли Уолш шайбаны қақпа тіреуіне тигізді. Ал қонақтар өздерінің санаулы мүмкіндіктерінің бірін тиімді пайдаланды – Максим Тарасов «Автомобилисттің» басымдығын арттырды. Қорытынды кезең де солай өтті, алаң иелері бірнеше жүз пайыздық мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал кездесудің соңғы минутында Рид Буше бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
27 желтоқсанда қазақстандық ұжым 2025 жылдағы үй матчтары бағдарламасын «Амурмен» кездесумен жабады.
«Барыс» - «Автомобилист» 1:4 (1:2, 0:1, 0:1)
1:0 - 09:58 - Масси (Қайыржан, Өмірбеков)
1:1 - 14:24 - Шаров (Да Коста, Буше)
1:2 - 18:42 - Шашков (Хрипунов, Воробьёв)
1:3 - 31:03 - Тарасов (Осипов, Бывальцев)
1:4 - 59:06 - Буше БҚ
Қақпашылар: Бояркин - Аликин
«Барыс Арена». 4 535 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.