Барыс Кравецтің туған күнінде Адмиралды жеңді
12 Қараша 2026

Барыс Кравецтің туған күнінде Адмиралды жеңді

Қараша айындағы алғашқы өз мұз айдынында «Барыс» Михаил Кравецтің туған күнінде «Адмиралды» қабылдады.

Астаналықтар тоғызыншы минуттың соңында есеп ашты. Семён Симонов пен Чейз Приски әдемі комбинация ұйымдастырып, Мэйсон Мореллиді нәтижелі соққы жасауға шығарды. «Барыстың» 11-нөмірі команда сапында маусымдағы 20 (6+14) ұпай межесіне жеткен екінші ойыншы атанды. Алайда бірінші кезеңнің соңында алаң иелері өз аймағында екі өрескел қателік жіберіп, қарсыластар оны бірден пайдаланды. 34 секунд аралықпен Даниэль Усманов пен Михаил Грасс шайба соқты.

Үшінші кезеңнің басында Аркадий Шестаков есепті теңестірді. Ол қақпа сыртындағы борттан кері серпілген шайбаны сәтті пайдаланды. Қазақстандық шабуылшы «Барысқа» оралғалы бері алғашқы шайбасын соқты.

Одан кейін астаналықтар табанды қарсыласын тізе бүктіре алды. Всеволод Логвин дубль авторы атанды. Алдымен ол Логан Дэйдің соққысынан кейін шайбаның бағытын өзгертіп, қақпаға дәл түсірсе, матч аяқталуына 52 секунд қалғанда қарсыластың бос қақпасын дәл көздеді.

Андрей Шутов кездесуді 20 сейвпен аяқтады.

15 қарашада Михаил Кравец ойыншылары өз айдынында «Металлургті» қабылдайды.

«Барыс» - «Адмирал» 4:2 (1:2, 0:0, 3:0)

1:0 - 08:47 - Морелли (Приски, Симонов)

1:1 - 19:04 - Усманов

1:2 - 19:38 - Грасс (Камара, Рендулич)

2:2 - 46:51 - Шестаков

3:2 - 53:38 - Логвин (Дэй, Пилон)

4:2 - 59:08 - Логвин (Пилон) БҚ

Қақпашылар: Шутов - Бояркин

«Барыс Арена». 10 273 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

DSC_5800.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті