Артем Авдеенко: «Біз бір отбасыдай болдық»
19 Сәуір 2022

Артем Авдеенко: «Біз бір отбасыдай болдық»


 

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы өнер көрсетуін аяқтады. Соңғы матчта біздің команда кесте көшбасшысы – Словакия құрамасымен кездесу өткізді. Екінші кезеңде Сергей Старыгиннің шәкірттері есепті теңестірді және жеңіске жетуге жақын еді, бірақ айдын иелері бірінші болып алға шықты. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасы сапындағы турнирдің үздік ойыншысы Артем Авдеенко өткен турнирдің қорытындысын шығарды Қорғаушымыз өткен біріншілікте екі голдың авторы атанды.

- Артем, Словакия құрамасымен жақсы матч өткіздіңіздер, үшінші кезеңде есепті теңестірдіңіз, ойын соңында жеңіске жету неге қолдан келмеді?

- Бізге өкінішке орай, ойын соңында салқынқандылық, мүмкіндіктерді голға ұластыру, сәттілік жетіспеді. Екінші голымыз өзгеріс әкелді. Бізге бұл гол шабыт берді, екінші деміміз ашылғандай болды сол сәтте, шабуылдап соңынан бірден үшінші голды да соқтық. Әр матчта біз қарсыластардан басым түстік, бірақ бізге сәттілік жетіспеді.

- Бұл сенің алғашқы әлем чемпионатын, осы алған тәжірибені өзін үшін қалай бағалар едін?

- Бұл мансабымдағы алғашқы әлем чемпионаты болды, мен үлкен тәжірибе алдым, біз халықаралық деңгейде өнер көрсетудің не екенін көрдік.

- Осы командалармен алғаш рет ойнадыңыздар, қарсыластар туралы не айта аласыз? Қай матч қиынға түсті және неліктен?

- Барлық командалар табан тіреген орнына қарамастан тең дәрежелі десе болады. Барлық командалар әр ойында жандарын салып, таласты, командалардың шеберлік деңгейі өте жоғары, оңай матч болған жоқ. Әр қарсылас есепке қарамастан соңына дейін таласып жатты.

- Турнирде команданың үздік ойыншысы атандың, қандай сезімдесін?

- Жағымды сезім ғой бұл, командада әр ойыншы үздік деп атануға лайық, біз бәріміз әр ойында иық тіресіп мұз айдынында шайқастық, бір отбасыдай болдық. Кей сәттерде бізге сәттілік жетіспей жатты.

- Соңғы матч турнир кестесіне әсер етпейтін ойын еді, қысым болмаған кезде ойнаған оңайырақ па?

- Соңғы ойын ештеңеге әсер етпесе де біз шығып, бар өнерімізді көрсетіп, чемпиондарды жеңгіміз келді.  Қысым жоқ кезде ойнаған оңайырақ, себебі бұл жағдайда есепке тәуелді емеспіз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2