Елорда әуежайында Барыстың фирмалық дүкені ашылды
30 Шілде 2021

Елорда әуежайында Барыстың фирмалық дүкені ашылды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы Халықаралық ұшулар терминалында (Т1) "Барыс" хоккей клубының фирмалық атрибутикасының төртінші дүкені ашылды.

Дүкен бірегей стильде хоккей дулығасы түрінде жасалған. Ол өтпелі галереяның жанында жалпы тіркеу залында орналасқан. Дүкен тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда клуб жанкүйерлері қызықтырған атрибутикаларын сатып алып қана қоймай, ойын приставкасы немесе теледидар көретін, ақпараттық және кәдесый стендтеріне, сондай-ақ әртүрлі тақырыптық декорацияларға арналған секторларды қамтитын "жайлы" аймақта жақсы уақыт өткізе алады.

– "Барыс" қазақстандықтар мен елорда қонақтары арасында клубтың танымалдылығын арттырумен белсенді айналысуда, сондықтан дүкеннің ашылуы – біз үшін маңызды оқиға. Біз "Барысты" еліміздің көптеген қалаларында қолдайтынын білеміз, бірақ одан да көп болғанын қалаймыз. Елордамызға күн сайын ондаған мың жолаушы келіп-кетіп жатады, енді олардың әрқайсысы өзімен бірге "Барыстың" бір бөлшегін алып кете алады. Дүкеннің ашылуы Олимпиада күндерінде өткені бір белгі іспеттес. Болашақта бұл жер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа мемлекеттерден келген қонақтардың да сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз, - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов ашылу салтанатында.

Іс-шараға "Барыс" ойыншылары Валерий Орехов пен Никита Михайлис қатысты.

- Баршаңызды төртінші дүкеннің ашылуымен құттықтаймын және осы жердің өзіндік дизайнын атап өткім келеді, - деді Никита Михайлис. - Үлкен жұмыс жүргізілді, қонақтар хоккей картасындағы жаңа орынды лайықты бағалайды деп сенемін.

«Барыс» ХК Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды