Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды
07 Мамыр 2026

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

Бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төртінші қарсыласы Украина болды.

Кездесудің алғашқы бөлігі біздің құраманың айқын басымдығымен өтті. Қазақстандық хоккейшілер қарсыластар қақпасына 17 рет соққы жасап, украиналықтар небәрі екі мәрте жауап қатты. Есепті Всеволод Логвин ашты. Ол қарсылас аймағында шайбаны тартып алып, қақпашыға мүмкіндік қалдырмады.

Үзілістен кейін 11 секунд өткенде Андрей Денискин таразы басын теңестірді. Кезең ортасында Логвин мен Кирилл Ляпунов «екіге нөл» шабуылын сәтті ұйымдастырып, нәтижесінде Ляпунов мергендік танытты. Артынша Роман Старченко қарсыластың көк сызықтағы қателігін тиімді пайдаланып, қарымта шабуылды голмен аяқтады. Артықшылықта ойнаған сәтте Игорь Мережко есеп айырмасын қысқартса, кезең аяқталуына 18 секунд қалғанда Александр Пересунько есепті қайта теңестірді.

Қорытынды кезеңде командалар бір-бірден шайба соқты. Украина сапынан Евгений Фадеев көзге түссе, Қазақстан құрамасы сапынан Батырлан Мұратов жауап қатты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Буллиттер сериясында біздің құрама дәлірек болып, шешуші буллитті Батырлан Мұратов сәтті орындады.

Турнирдің соңғы ойын күніне дейін Қазақстан құрамасы 11 ұпай жинап, мерзімінен бұрын бірінші орынды қамтамасыз етті және әлемдік хоккейдің элиталық дивизионына қайта жолдама алды.

8 мамыр күні Талғат Жайлауовтың ойыншылары чемпионаттағы соңғы ойынын Францияға қарсы өткізеді. Матч 15:30-да басталады.

Украина – Қазақстан 4:5 Б (0:1, 3:2, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:37 – Логвин
 1:1 – 20:11 – Денискин (Мережко)
 1:2 – 30:33 – Ляпунов (Логвин, Симонов)
 1:3 – 32:30 – Старченко
 2:3 – 33:55 – Мережко (Пересунько, Трахт)
 3:3 – 39:42 – Пересунько (Ворона, Ратушный)
 4:3 – 50:58 – Фадеев (Гребенюк, Трахт)
 4:4 – 51:45 – Мұратов (Данияр, Шестаков)
 4:5 – 65:00 – Мұратов ЖБ

Қақпашылар: Дьяченко – Бояркин

Фото – IIHF

   260507_UKR-KAZ_026.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3