ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев матчы қарсаңында
02 Қыркүйек 2023

ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев матчы қарсаңында

«Барыс» жаңа маусымды өз айдынында «Салават Юлаевқа» қарсы матчпен бастайды.

Уфалық ұжым маусымға дайындығын «Нефтехимикті» жеңіп, бастады (4:2). Одан кейін Виктор Козлов шәкірттері Башқұртстан Республикасы Кубогында жеңімпаз атанды. Чемпион турнирдің шешуші матчының соңғы минуттарында анықталғанын да атап өткен жөн. Кездесу барысында «Автомобилистен» екі шайба айырмашылығымен жеңіліп жатқан уфалық клуб есепті теңестіріп қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып алды (4:3).

 Омбыдағы Блинов Кубогында «Салават Юлаев» үш ойын өткізді. «Нефтехимикті» жеңіп (5:2), «Локомотив» (1:5) пен «Авангардқа» (2:2) есе жіберді. Ал осы турнир аясындағы «Барыспен» кездесу болған жоқ.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Салават Юлаев» пен СКА өзара ойыншы алмастырды. Қорғаушы Никита Зоркин уфалық команда сапын толықтырса, шабуылшы Александр Филиппов СКА ойыншысы атанды. Уфалық ұжымның жаңа ойыншыларынан қақпашы  Александр Самоновты, қорғаушы Динар Хафизуллинді, сондай-ақ шабуылшылар Владислав Ефремов пен Александр Шаровты ерекше атап өтуге болады.

«Барыс» Қазандағы маусым алды турнирін сәтсіз өткізгенімен, Блинов Кубогында табысты өнер көрсетті. Омбыдағы турнир аясында Андрей Скабелка шәкірттері «Локомотивті» (2:1), «Авангард» (4:3) пен «Нефтехимикті» (3:1) жеңді. Ойындардың бірінде Роман Старченко хет-трик авторы атанды. Осы жазда мұндай жетістікке «Автомобилист» ойыншысы Стефан Да Коста қол жеткізген. Сонымен қатар, астаналық команданың жаңа ойыншылары Райли Барбер, Джозеф ЛаБейт пен Давид Скленичка нәтижелі әрекеттерімен көзгі түсті. Эдвард Паскуале Блинов Кубогының үздік қақпашысы деп танылды.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Салават Юлаев» өзара төрт рет кездесті. Командамыз Уфада ірі есеппен жеңіліс тапқаннан кейін (1:5), бұл теке-тіресте қатарынан үш жеңіске қол жеткізді (2:0, 4:1, 2:1).


Кездесу «Барыс-Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Матч билеттерін «Барыс-Арена» кассалары мен tickets.hcbarys.kz сайтымыздан алуға болады.

Матчтың тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасы ұсынады.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2