ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2
06 Мамыр 2026

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2

Бірінші дивизиондағы А тобында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы турнир қожайындары Польша командасымен кездесті.

Ойын поляктардың орындауындағы өте қызық голмен басталды. Патрик Вронканың соққысынан кейін шайба айдын жиегінен серпіліп, қақпаның үстіне тиіп, содан соң Андрей Шутовқа тиіп барып тордан табылды. Бұдан кейін қазақстандықтар тізгінді қайта қолға алғанымен, бұл кезеңде Томаш Фучик күзеткен қақпаның саңылауын таба алмады. Ең қауіпті сәт Батырлан Мұратовтың еншісінде болды, алайда оның соққысы қақпа бағанына тиді.

Нәтижесінде, 49-минутта есепті теңестірген Мұратов жағдайды түзеді. Ал шешуші сәт үшінші кезеңнің аяқталуына аз уақыт қалғанда орын алды. Всеволод Логвин қақпа сыртынан тамаша пас шығарып, қарсылас айып алаңында тұрған Семён Симоновты тапты, ол өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Кейінірек Кирилл Савицкий бос қалған қақпаны дәл көздеді. Патрик Крезолектің салған шайбасы Польшаның жеңілісін сәл де болса жеңілдеткенімен, жалпы нәтижеге әсер ете қойған жоқ.

Үш матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан 9 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. 7 мамыр күні Талғат Жайлауовтың шәкірттері Украинамен кездеседі. Ойын сағат 19:00-де басталады.

Қазақстан – Польша 3:2 (0:1, 0:0, 3:1)

0:1 – 01:09 – Вронка (Лыщарчик, Нарог)

1:1 – 48:01 – Мұратов (Михайлов, Шестаков)

2:1 – 57:53 – Симонов (Логвин, Ляпунов)

3:1 – 58:53 – Савицкий (Қайыржан, Шестаков)

3:2 – 59:58 – Крезолек (Валега, Вронка)

Қақпашылар: Шутов – Фучик

Фото – IIHF

   260505_KAZ-POL_011.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындылары. Мстислав Шипилин

new-preview
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындысы Асанәлі Русланұлы

new-preview
22 фото
Snezhnye Barsy

Сибирские Снайперы - Снежные Барсы