
Жаттықтырушылар штабының құрамы Минскідегі матчпен салыстырғанда екі өзгеріс
жасады.Дмитрий Шевченко мен Максим Семеновты Ярослав Евдокимов пен Леонид
Метальников алмастырды. Қақпаға Эдди Паскуале тұрды. Бірінші ұпайсыз кезеңнен кейін
командалар екінші кезеңде нағыз шабуылға шықты. Алихан Әсетов пен Роман Старченко
«Барысқа» 4-ші минутта алға шығуға көмектесті. Бірақ кезеңнің екінші жартысында
Артур Каюмов пен Степан Санников есепті теңестірді. Үшінші кезең голсыз өтіп, «Барыс»
бесінші матчта қатарынан негізгі уақыт шегінен шықты. Овертаймда Рушан Рафиков
"Локомотивке" 3:2 есебімен жеңіс алып берді. «Барыс» Қазан қаласына барып, сенбі күні
«Ақ Барспен» ойнайды.
«Локомотив» – «Барыс»– 3:2 ОТ (0:0, 2:2, 0:0, 1:0)
0:1 Асетов (Шалапов) 22:45
0:2 Старченко (Найт, Бойд) 23:30
1:2 Каюмов (Коваленко, Черепанов) 30:22
2:2 Санников (Накладал, Рафиков) 35:41
3:2 Рафиков (Да Коста) 60:59 ГБ
Ұаұпашылар: Коновалов (00:00-23:30), Исаев (23:30-60:59) – Паскуале.
Арена 2000, 6493 көрермен.
ХК «Барыс» Бас әріптесі – «Самрук Казына»ҰӘАҚ»АҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.