Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі
23 Мамыр 2026

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

БЖСМ

23 мамыр күні «Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2025-2026 жылғы маусымды ресми түрде қорытындылады.

DSC_5084.jpg

Маусымның жабылу салтанатына Астана қаласы прокуратурасы аппаратының басшысы Жандос Досанов, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Ерденбек Тоқбаев, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетұлы, «Халық Банкі» Астана филиалының директоры Жанар Рахимова, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Рустам Ибраев, «Барыс» клубының бас директоры Сәкен Мұсайбеков, сондай-ақ «Барыс» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Самат Данияр мен Семён Симонов және Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қатысты.

DSC_5260.jpg

Жас хоккейшілерді қолдап, құттықтауға «Астана жастары» балалар эстрадалық студиясының тәрбиеленушілері (жетекшісі – Ирина Яроцкая) келді. Сонымен қатар, «ССМ» хоккей тауарлары дүкені мен «AudioLab Academy» диджейлік мектебі спортшыларға арнайы сыйлықтар ұсынды.

Салтанатты рәсім барысында мектеп командалары өткен маусымды қорытындылап, марапаттарға ие болды. Сондай-ақ үздік ойыншылар арнайы аталып өтті. Ал «Барыс» қызметкерлері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық марапаттарымен наградталды. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі он жылдан астам уақыт клубта еңбек етіп келе жатқан БЖСМ жаттықтырушысы Сергей Старыгинге, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Саулеш Жүнісоваға, ал «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі БЖСМ дәрігері Александр Секербаевқа табысталды.

DSC_5040.jpg

Одан кейін ақсақал Құрал ата бата беріп, мектеп түлектері мен шәкірттеріне алдағы спорттық жолында табыс тіледі. Мыңға жуық қатысушы мен қонақтың басын қосқан ауқымды шара дәстүрлі түрде естелікке ортақ суретке түсумен аяқталды.

DSC_5600.jpg

Еске салсақ, «Барыс» жастар командасы көшбасшылық орнын қайта жаңғыртып, өз тарихындағы алтыншы Jastar Ligasy чемпиондығын жеңіп алды. Ал өзінен бір жас үлкен қарсыластарға қарсы Ресейдің Жасөспірімдер хоккей лигасында өнер көрсеткен «Барыс-2009» командасы жетінші орынға тұрақтады.

Ел біріншілігінде алты команданың бесеуі өз жас санаттарында Қазақстан чемпионы атанса, төрт ұжым Орал, Сібір және Приволжье федералдық округтері біріншілігінің ең мықты «А» дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Осы нәтижелердің арқасында «Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Қазақстан хоккей федерациясы тарапынан 2025-2026 жылғы маусымның еліміздегі үздік хоккей мектебі деп танылды.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» ҚҚ.

DSC_5630.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі