«Снежные Барсы» қазан айындағы өз алаңындағы жалғыз ойынын өткізіп, Батыс конференциясының «Красная машина Юниор» командасын мұз айдынында қабылдады. Өкінішке қарай, Ильгиз Нуриев ойыншылары қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. «Барыстардың» бұған дейін Нижнекамск қаласында өткізген матчында да осындай жағдай қалыптасқан еді. Қарсылас қақпасы маңында көптеген гол соғу мүмкіндігіне ие болып, статистикалық көрсеткіштер бойынша басымдық танытқанына қарамастан, жеңіске жету мүмкін болмады.
Кездесудегі есеп екінші кезеңнің ортасына қарай ғана ашылды. Астаналықтардың ойыншысы айып орындығына жіберілген сәтті пайдаланған «Юниор» командасы Богдан Емельянов қорғаған қақпаны дәл көздеді. Гол авторы - Даниил Кузьмин. Көп ұзамай Владислав Ануфриев өз шабуылын сәтті аяқтап, шайбаны қақпаға қайтарып соғу арқылы есеп теңестірді.
Қорытынды кезеңде командалар жеңімпазды анықтай алмады. Осылайша, матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта қонақтар ширақтық танытты. Овертаймның аяқталуына 41 секунд қалғанда Руслан Фурман шешуші шайбаны соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Қазіргі уақытта «Снежные Барсы» 16 матчта 11 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр.
«Снежные Барсы» - «Красная машина Юниор» 1:2 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 29:15 Кузьмин (Вдовцов, Лавров) АГ
1:1 - 35:36 Ануфриев
1:2 - 64:19 Фурман (Пугачёв)
Қақпашылар: Емельянов - Лаптихин
Матч статистикасы:
Соққылар: 57-36
Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 33-19
Шайба үшін талас: 38-23
Бұғатталған лақтырулар: 11-13
Күштік әдістер: 16-20
Айып уақыты: 2-4
«Барыс Арена», 85 көрермен.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.