Снежные Барсы - Красная машина Юниор матчы алдында
13 Қазан 2026

Снежные Барсы - Красная машина Юниор матчы алдында

«Снежные Барсы» қазан айындағы өз алаңындағы жалғыз матчын «Красная машина Юниор» командасына қарсы өткізеді.

Астанаға аттанар алдында қонақтар Санкт-Петербургтің «Академия СКА» командасын өз айдынында қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. «Красная машина Юниор» сапындағы жалғыз шайбаның авторы Никита Шевчун атанды. Ал оған дейін Дмитрий Катаевтың ойыншылары мәскеулік «Динамомен» кездесіп, қарсыластарын 2:0 есебімен қапы қалдырды. Бұл матчта Артём Гуртовенко мен Игорь Костюк мергендік танытты.

«Красная машина Юниор» астаналықтармен кездесуге 8 матчтан кейін жинаған 9 ұпаймен келеді. Команданың соңғы бес ойындағы ең нәтижелі ойыншысы - Иван Кожанов. Оның еншісінде 3 (1+2) ұпай бар.

Ал «Снежные Барсы» Нижнекамск қаласындағы сапарынан оралды. Онда астаналықтар «Реакторға» қарсы екі матч өткізді. Алғашқы кездесуде «барыстар» қарсыласын 7:2 есебімен ойсырата жеңіп, өзара ойындардағы алты жылға созылған сәтсіз сериясын үзді. Михаил Коленко дубль авторы атанса, Никита Дубинкин МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соқты. Аристарх Киреев пен Илья Громов та гол соғып, команда жеңісіне үлес қосты.

Екінші кездесуде астаналықтар қанша күш салғанымен, алғашқы матчтағы жетістігін қайталай алмады. Бұл жолы «Реактор» 2:1 есебімен басым түсті. «Снежные Барсы» сапындағы жалғыз шайбаны Владислав Ануфриев соқты.

Қазір «Снежные Барсы» 15 матчтан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Команданың соңғы бес кездесудегі ең нәтижелі ойыншысы - Владислав Ануфриев. Оның еншісінде 4 (3+1) ұпай бар.

Матч Қазақстан уақытымен сағат 18:30-да басталады.

Кездесуді «КХЛ ТВ» және «КХЛ Prime» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Ойын билеттерін біздің сайттан сатып алуға болады.

IMG_7022.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбеден тағы да басым түсті

new-preview
12 фото
Барыс

Барыс - Актобе

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбені ойсырата жеңіп, чемпионаттағы 10-жеңісіне қол жеткізді