БРЭНДОН БОЧЕНСКИ: «ЖИНАҚЫ ОЙНАП, АЛҒА ШЫҚТЫҚ»
04 Қазан 2016

БРЭНДОН БОЧЕНСКИ: «ЖИНАҚЫ ОЙНАП, АЛҒА ШЫҚТЫҚ»

«Барыс» ХК капитаны Брэндон Боченски  бүгін құттықтау лебіздерін қабылдап жатыр. «Нефтехимик» командасын жеңгенді ғана емес, 1+1 ұпай жинап, ҚХЛ сұрмергендері арасында көш бастап отыр. Жаңа рекордқа қол жеткізген ойыншы Sports.kz республикалық интернет-порталының тілшісіне өз әсерімен бөлісті.

— Брэндон, үздік легионер сұрмерген дейтін жаңа атағыңмен құтықтаймын. Бұл туралы білдің бе?

— Рахмет, Доззи (Доус) бұл туралы маған жаңа ғана айтты. Шайбаны алуды мүлдем ұмытып кетіппін. Атаққа тек үміткер ретінде ойлағанмын. Ал назарымыз менің соққан голымды қайта қарауда болды. Шабаның кірген, кірмегенін есептеу сәтін отырып күттім. Рекорд туралы ойда жоқ. Голдың есепке алынуына алаңдап отырдым. Менің нәтижемді Доззи жуық арада қуып жетеді деп ойлаймын.

— Команданың ойынына ризасың ба? 
— Ең күшті ойынымыз деп айта алмаймын. Дегенмен қажетті жеңіске қол жеткізу үшін жігерлі мінез таныту керек. Ия, көп қателік жібердік. Алайда үшінші кезеңде барлығымыз бірге жұмыла қимылдадық. Қарқынды үдетттік. Соның нәтижесінде есепті теңестіріп, қажетті жеңіске қол жеткіздік. Бұл керемет болды.  

— «Нефтехимик» — қорғаныс шебінен ойнайды. Осындай қарсыласпен ойынның ерекшелігі неде? «Барыстың» қазіргі шабуылдау стильін ескергенде?


— Ия, олар өз мәнерінде – қорғаныс шебінен ойнады. Біз олармен күресіп бақтық. Бағымызға орай үшінші кезеңде қорғанысты бекем ұстап, бірнеше соққа жасап және қажетті голды соғып үлгердік.

— Командаға жаңа орталық форвард келді. Аталған ойыншы туралы не айтасың?

— Ол жігіт жарап тұр. Бүгін гол соқты. Жақсы ойнайды. Өзін көрсетуде. Біз оған Ли деген лақапат та тауып қойдық.  Америкада Ли Тревино деген танымалы гольф ойыншысы бар. Соның құрметіне біз оған сондай ат қойдық. Ли деп атай бастағаннан бері ол гол соға бастады. Сондықтан осы лақапат оған жақсы таңылды.

— Өз айдынымызда өткізетін екі ойын бар. Одан не күтуге болады?

— Ойнауды одан әрі жалғастырамыз. Дәл осы жігерлі көңіл-күймен алға баса береміз деген үміт бар.

Дереккөз: sports.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3