
«Барыс» хоккей клубы Андрей Буяльскимен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Қазақстандық шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір жыл, 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
Қазақстанда Буяльский клубтық деңгейде қарағандылық «Сарыарқа» мен «Алматы» жүйесінде өнер көрсетті. 2021 жылы оны ҰХЛ командасы «Колорадо Эвеланш» драфт жасады. Соңғы үш жылда Андрей NCAA лигасында Вермонт Университетінде ойнады. Өткен маусымда хоккейші 25 матчқа қатысып, 11 (3+8) ұпай олжалады. Сонымен қатар, Буяльский Қазақстанның жастар және жасөспірімдер командаларына тұрақты түрде шақырылып, ойнады.
Андрей Буяльский
Туған күні: 18.08.2000 (23 жаста).
Амплуа: шабуылшы.
Бойы: 190 см.
Салмағы: 88 келі.
Ойын таяғын ұстауы: солақай.
Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:
-Буяльский – өз жасындағы ең талантты қазақстандық орталық шабуылшылардың бірі. Оның дамып, жаңа қабілеттерге ие болған Солтүстік Америкадағы мансабы біздің назарымызда болды. Университеттегі оқуы аяқталғаннан кейін Андрей Қазақстанға қайта оралуға шешім қабылдады және біз жылдам келісімге келдік. Сондықтан, Андрей мансабындағы жаңа кезеңге тез бейімделіп, командаға пайдасын тигізеді деп сенеміз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.