«Барыстың» өз аланыңдағы қысқа ойын сериясы «Нефтехимикке» қарсы матчпен басталды. Қорғаныстың үшінші жұбында жарақат алған Мади Диханбектің орнына Әділ Бекетаев шықты. Ал Асанәлі Сәркенов ҚХЛ-дағы алғашқы матчын өткізді. Андрей Шутов қатарынан үшінші кездесуде қақпаны қорғады. Қонақтар 7-минутта есеп ашты. Дамир Жафяров сол жақтағы шабуыл шеңберінен дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Матчтағы шешуші кезең екінші жиырма минут болды. Осы аралықта «Барыстың» қақпасына төрт шайба соғылды. Нижнекамск командасына Григорий Селезнёв, Герман Точилкин, Александр Петунин және Севастьян Соколов голдарымен жеңіске жетуге жол ашты. Точилкиннің голынан кейін «Барыстың» қақпасына Хантер Шепард шықты.
Үшінші кезеңде қазақстандық клуб есеп айырмасын қысқартуға ұмтылды. Гарретт Пилон мен Семён Симоновтың голдары «Барыстың» үмітін қайта жаққанымен, көп ұзамай Артур Тянулин қонақтардың алтыншы шайбасын соғып, алаң иелерінің қарқынын басты.
Матчтағы соңғы голды «Барыс» соқты. Әлихан Өмірбеков қақпа алдындағы тартыста шайбаны дәл бағыттап, есепті 3:6-ға жеткізді.
Айта кетейік, Асанәлі Сәркенов пен Дамир Бритиков ҚХЛ-дағы алғашқы нәтижелі әрекеттерін тіркеді.
«Барыс» - «Нефтехимик» 3:6 (0:1, 0:4, 3:1)
0:1 - 06:08 - Жафяров (Белозёров, Николишин)
0:2 - 23:55 - Селезнёв (Надворный, Соколов)
0:3 - 25:06 - Точилкин (Жафяров, Николишин)
0:4 - 28:19 - Петунин (Ерёменко, Бикмуллин) АГ
0:5 - 38:22 - Соколов (Бикмуллин, Хайруллин) АГ
1:5 - 41:10 - Пилон (Приски, Томпсон) АГ
2:5 - 45:12 - Симонов (Логвин, Саркенов)
2:6 - 46:39 - Тянулин (Хлыстов, Бикмуллин)
3:6 - 50:42 - Өмірбеков (Бритиков, Қайыржан)
Қақпашылар: Шутов (Шепард, 25:06-60:00) - Озолин
«Барыс Арена». 11 237 көрермен.
«Барыс» ХК-ның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» ХК серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.