«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы кезекті ойын аптасын СКА командасына қарсы кездесумен аяқтайды.
Санкт-Петербург клубы астаналық командаға қарсы ойынға қатарынан үш жеңіспен келіп отыр. Алдыңғы турда СКА Челябинскіде «Тракторды» 4:3 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Матвей Короткий, Данил Аймурзин, Скотт Уилсон және Даниил Мироманов мергендер қатарын толықтырды. Сергей Иванов қақпасына бағытталған 39 соққыны қайтарды. Игорь Ларионовтың айтуынша, есеп 1:4 болғанына қарамастан, алаң иелері ойын барысын өзгертуге тырысқан. Дегенмен оның командасы қарсыластың қысымына төтеп беріп, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Нева жағалауынан келген армияшылар жеті ойында 12 ұпай жинады. Николай Голдобин (1+11) Джастин Бэйлимен (7+5) бірге чемпионаттағы ең үздік сұрмергендер қатарында. Жарақатына байланысты ойынға қатыспайтындар тізімінде Линус Вайссбак бар.
«Барыс» сенбі күні өткен нәтижелі кездесуде «Нефтехимикке» 3:6 есебімен есе жіберді. Астаналық клуб сапынан Гарретт Пилон, Семён Симонов және Әлихан Өмірбеков шайба соқты. Пилон чемпионаттағы ұпай санын 10-ға (5+5) жеткізді. Ал Өмірбеков осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Асанәлі Саркенов пен Дамир Бритиков ҚХЛ-дегі алғашқы нәтижелі пасын тіркеді. Михаил Кравец командасының тым көп қателік жіберіп, шайбаға иелік етуде бірнеше рет ұтылғанын атап өтті.
Қазақстандық клуб тұрақты чемпионаттағы сегіз ойыннан кейін 10 ұпай жинап отыр. Команданың жарақат алған ойыншылары қатарында қорғаушы Мади Диханбек бар.
«Барыс» - СКА матчы Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Ойынға сатылымға шығарылған барлық билет сатылып кетті.
Кездесудің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнаcында болады.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.