Танысып қойыңыз, бұл - Мәди Диханбек
21 Шілде 2020

Танысып қойыңыз, бұл - Мәди Диханбек

«Барыстың» баспасөз қызметі келесі маусымда ересек командаларда дебют жасай алатын клуб жүйесіндегі жас ойыншылармен таныстыруды жалғастыруда.

Мәди Диханбек өзінің алғашқы толыққанды маусымын ЖХЛ-да өткізді және бірден өз командасында жетекші қорғаушылардың бірі болды. Оның белсенді ойынында 59 бұғатталған лақтыру, 61 күштік қабылдау және  қарсыластарды алыстау бойына 12 бар. Орта есеппен Мәди мұзда 21 минут болған.

Ойыншы хоккейдегі алғашқы қадамдарын еске алды, лигалар арасындағы айырмашылықтар туралы айтып берді, сондай-ақ қазіргі спортта тұлғалық өсудің маңыздылығын атап өтті.

- Мади, дәстүрлі сұрақ. Не үшін хоккейге келдіңіз?

Мен ол кезде 7 жаста болдым. Біз ата-анамызбен үйде кешкі ас ішіп отырғанда, теледидардан «Мұз кезеңі» бағдарламасы болып жатты. Бұл бағдарлама менің анама қатты ұнайтын, жалпы мәнерлеп сырғанау ұнайтын. Сол кезде анам әкемен мені осы спорт түріне беруді ұсынды. Әкем қарсы болған жоқ, мені мәнерлеп сырғанау секциясына алып барды, бірақ мен жасыма байланысты сәйкес келмедім. Әкем мені хоккейге беруге шешім қабылдады, келесі күні алғашқы жаттығуым басталды. Мен сол кезде алғаш рет коньки кидім, содан бері бүгінгі күнге дейін хоккей менің сүйікті ісім.

- Қорғаушы болуды өзің шештің бе? Немесе жаттықтырушы қойды ма?

- Қорғаушы позициясына мені жаттықтырушы қойды. Бірақ мен қарсылық жасамадым, өйткені бұл амплуада ойнау маған бірден ұнады.

- Бұған дейін Максим Павленко қақпашылар жеке каста екенін растады. Қорғаушылар несімен ерекшеленеді немесе көзге түседі?

- Максиммен келісемін, қақпашылар - шын мәнінде жеке каста. Менің ойымша, команданың ең маңызды бөлігі. Жақсы қақпашы - команданың жартысы және кейде одан да артық. Олардың басқалардан айырмашылығы бірегей және сонымен бірге ауыр және үлкен жұмыс жасайды. Қорғаушылардың міндеті - қақпашыға көмектесу, оның жұмысын жеңілдету және  азайту.  Біздің рөліміз - қорғаушы-шабуыл мен қорғаныс арасындағы байланыстырушы буын. Қорғаушылар қарсыластың шабуылын тойтарып, бірден өз бастаулары керек, бұл қорғаушылардың басты жұмысы.

- Әлемдік хоккей тарихындағы үздік қорғаушылардың үшеуін атаңызшы.

- Тарихтағы жоғары дәрежелі қорғаушылар өте көп болды, мен үшін олардың үздіктерін атап өту қиын. Бірақ мен кімнің ойынын байқап, таңданатынымды айтып өтейін. Бұл «Сан-Хосе Шаркс» командасындағы Эрик Карлссон, «Вашингтон Кэпиталз» командасындағы Джон Карлсон, «Баффало Сэйбрз» командасындағы Расмус Далин, сондай-ақ мансабын аяқтаған Никлас Лидстремді атап өткім келеді.

- Қазақстан жастар лигасындағы «Барыс» ХК-ның бірінші маусымын еске алайық. 25 матчта сіз 40 ұпай жинадыңыз.

- Қазақстан жастар лигасындағы бірінші маусым мен үшін сәтті болды. Мен көп ұпай жинадым және менде ойын уақыты көп болды. Өкінішке орай, біз ол кезде чемпион бола алмадық. Жеңілгенде оның  себептері мен амалдарын іздеуге болады, алайда біз тек екінші орынды иелендік - бұл біздің кінәміз. Біз кейбір маңызды матчтарда нашар ойнадық және қажетті ұпайларды ала алмадық.

- Өткен маусымда Сіз «Снежные Барсы» құрамында ЖХЛ-да дебют жасап қана қоймай, 54 матч өткізіп, нәтижелілігі жағынан команданың екінші қорғаушысы болдың. Саған маңызды лигаға қалай ауысу қалай болды?

- Шынымды айтсам, ЖХЛ-дағы алғашқы матчтарда маған ЖЛК-ден кішкене үйреншіксіздеу болды. Мұнда ойындар көп, мүлдем басқа жағдайлар, жоғары жылдамдық, шешім қабылдау уақыты аз. Әр ойын көп күш пен көңіл бөлуді талап етеді.

- Қысқаша Чехиядағы жастар әлем чемпионаты туралы  айтып берші.

- Чехиядағы әлем чемпионаты мен үшін үлкен және құнды тәжірибе. Әлемнің үздік жастар құрамаларына қарсы ойнауға тура келді. Бізде плей-оффқа шығуға жақсы мүмкіндік болды, бірақ біз оны пайдаланбадық.  Менің ойымша, қорғаныста негізгі матчтарда нашар ойнадық. Енді элитаға оралу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

- Іс жүзінде сен өткен маусымның соңында «Астана» ХК құрамында екі матчта ойнап, ересек хоккейде дебют жасадың. Саған ҚРАЧ деңгейі қалай?

- ҚРАЧ ойындары мен үшін құнды тәжірибе болды, себебі бұл ересектер чемпионаты. ЖХЛ - дан айырмашылығы - бұл жерде ақылмен және көп пас беріп ойнайды, бос жүгіруге күш жұмсамайды. Өзім  үшін қателесуден қорықпау керек деген қорытынды жасадым, дегенмен ересектер деңгейде ойнаймын ғой.

- Карантин енгізілгенге дейін сен 2001 жылы туған басқа балалардың қатарында «Номадпен» бірге жаттығып жүрдің.

- «Номадта» маусымның ішінде «Барыс»-қа қосылған кейбір балалар ойнайды. Сондықтан олармен жаттығу жасау және оларды бақылау барлық жас жігіттер үшін пайдалы. Барлығы қайда ұмтылу керек екенін түсінеді.

-  Жазғы уақытың қалай өтуде? Бос уақыт көп пе?

- Алдында  пайдалы өткізген бос уақыт өте көп болды. Мен көп уақытымды отбасыммен, туыстарыммен, көптен көріспеген достарыммен  өткіземін. Әрине, хоккей туралы және тұлғалық  өсуім туралы ұмытпаймын. Өзіме, өзімнің физикалық және психологиялық жай-күйіме көп уақыт бөлемін. Қазіргі спортта бұл өте маңызды.

- Карантин кезінде өзін қалыпта ұстап тұру үшін не істеу керек?

- Иә, көп нәрсе қажет емес. Жаттықтырушылар бізге алдын ала дайындық және сабақ жоспарын жіберген болатын, бұл жоспарды ұстанамын. Сондықтан мұнда ешқандай жалқаулану мүмкін емес. Кез келген уақытта жиындарды бастауға дайын болу керек.

- Көптеген танымал спортшылар бос уақытында компьютерлік ойындар ойнайды. Сенде ол қалай?

- Мен ойнайтын бір ғана компьютерлік ойын бар. Бұл көптеген спортшылар ойнайтын «Контр Страйк: Глобал Оффенсив» ойыны. Бос уақытта фильмдер көруге немесе кітап оқуға болады.

-Ендеше оқырмандарымызға кешкілікке бірнеше фильм немесе  қандай кітап оқу керектігіне кеңес бер.

- Фильмдерден маған «Джентльмендер», «Ұлы Гэтсби» және «Титаник»ұнады. Кітаптар: Ремарктің «Үш досы», сондай-ақ Стивен Кингтің «11/22/63» туындысы ұнайды.

- Басқа спорт түрлерін қарайсың ба?

- Хоккейден басқа футбол мен теннисті қараймын. Футболда мен Лионель Мессидің жанкүйерімін, оның ойындарын шын көңілмен қараймын. Тенниске келетін болсақ, мен бұл спорт түрін ойын  ретінде ұнатамын.

- Келесі маусым сен үшін өтпелі және анықтаушы болуы керек. Жақын болашақта алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

- Келесі маусым мен үшін өте маңызды болатынын түсінемін. Осы маусымдағы мақсатым - ересек деңгейде ойнау және сол жерге тұрақтау. Қазір мен осымен айналысудамын,  тезірек карантин аяқталғанын қалаймын. Менің ойымша, қазір барлық балалар тез арада мұзға шығып, үйреншікті өмірге оралғысы келеді.

 

Мәди Диханбек

Туған күні: 2001 жылғы 11 қаңтар

Азаматтығы: Қазақстан

Амплуа: қорғаушы

Ұстауы: солақай

Бойы: 180 см

Салмағы: 76 кг

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3