Тайс Томпсон Барыста қалды
24 Мамыр 2026

Тайс Томпсон Барыста қалды

«Барыс» америкалық шабуылшы Тайс Томпсонмен келісімшартты ұзартқанын хабарлайды. Біржақты келісімшарт бір маусымға, яғни 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалды.

Өткен маусымда Томпсон командадағы үздік бес сұрмергендердің қатарына кіріп, астаналық клубтың үшінші үздік мергені атанды. Оның еншісінде 15 шайба және 10 нәтижелі пас бар. Мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 19 минут 15 секунд. Тайстың 3 шайбасы «Барысқа» жеңіс әкелді. Бұл көрсеткіш командадағы екінші нәтиже болды.

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері:

- Тайс - нағыз кәсіби ойыншы және команданың командалық рухын көтеретін хоккейші. Ол әлі жас, әрқашан күресуге, белсенді ойын көрсетуге дайын және біз оның алдағы уақытта да өсіп, дами түсетініне сенеміз. Оның бізбен бірге қалатынына қуаныштымыз және алдағы маусымда командаға пайдасын тигізеді деп күтеміз.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры.

tyce.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б