Всеволод Логвин КХЛ-дегі 100-матчын өткізді
16 Қаңтар 2026

Всеволод Логвин КХЛ-дегі 100-матчын өткізді

Кеше «Нефтехимикке» қарсы өткен ойын Құрлықтық хоккей лигасындағы Всеволод Логвин үшін 100-матч болды. Шабуылшы осы матчтардың барлығын «Барыс» сапында өткізді.

Оның еншісінде 8 шайба, 11 нәтижелі пас, 46 рет шайбаны қағып алу және 64 рет соққыны бұғаттау бар. Мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 10 жарым минут.

Осыған орай «Барыс» «Адмиралмен» өтетін матчқа билеттерге 20 пайыздық жеңілдік ұсынады (28.01.2026). 

Тіркеліп - https://hcbarys.kz/reg/ - және LOGVIN100 промокодын пайдаланыңыз. 

Акция 2026 жыл 18 қаңтарға дейін жарамды.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


LOGVIN100.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Nomad
Snezhnye Barsy

Номад – Pro Ligasy маусымының алғашқы финалисі

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы маусымды жеңіспен аяқтады