Номад – Pro Ligasy маусымының алғашқы финалисі
26 Наурыз 2026

Номад – Pro Ligasy маусымының алғашқы финалисі

Астанада «Номад» пен «Құлагер» арасындағы жартылай финал сериясы аяқталды.

Петропавлдықтар есепті алғашқы минутта-ақ ашты – Дмитрий Стулов көзге түсті. Алайда кезең ортасында тәжірибелі Роман Старченко алаң иелерін ойынға қайта қосты. Кездесудің шешуші сәті екінші үзіліске аз уақыт қалғанда болды. Диас Гусейнов Денис Каратаевты екінші рет қапы қалдырды.

Қорытынды кезеңнің соңында Андрей Спиридонов ойыншылары шешуші шабуыл ұйымдастыруға тырысқанымен, Юргис Дубинскас бастаған «Номад» қорғанысы сыр бермеді. Елордалық команданың қақпашысы жалпы есепте 22 соққыны қайтарды.

Константин Пушкарёв бапкерлік қызметінің алғашқы жылында-ақ өз командасын финалға шығарды. «Номадтың» қарсыласы «Торпедо» мен «Сарыарқа» арасындағы серия аяқталғаннан кейін анықталады. Ал «Құлагер» қола жүлде үшін күреседі.

«Номад» – «Құлагер» 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)

0:1 – 00:48 – Стулов (Воробьёв, Исмагилов)

1:1 – 12:49 – Старченко (Логвин, Гайтамиров)

2:1 – 38:06 – Гусейнов (Гатиятов, Данияр)

Қақпашылар: Дубинскас – Каратаев

Серия есебі «Номад» – «Кулагер»: 4-1 (5:3, 2:1, 5:2, 1:2 ОТ2, 2:1)

уау3.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 2-ші күні

new-preview
Barys
Tomiris

IB дивизионының әлем чемпионаты. Испания – Қазақстан 2:3

new-preview
Barys

Дінмұхамед Қайыржан Барыста қалады