Томирис – Қазақстан чемпионы
05 Сәуір 2023

Томирис – Қазақстан чемпионы

Қарағандыда хоккейден әйедер арасындағы Қазақстан чемпиоанты жалғасып жатыр. Турнирдің аяқталуына дейін бірнеше матч болса да, «Томирис» ел чемпионы атанып үлгерді. Александр Тебеньковтың шәкірттері тарихта тұңғыш реет Qyzdar Hokei Ligasy чемпионы атанды.

Бүгін командамыз «Торпедодан» бірде-бір гол жібермей, жеңіске қол жеткізді. Астаналық хоккейші қыздар үшінші кезеңде өте табысты өнер көрсетіп, айдын «иелерінің» қақпасына төрт шайба соқты. Екатерина Куценко мен Ольга Широкова команданың екі нәтижелі шабуылына араласты.

 «Торпедо» - «Томирис» 0:6 (0:2, 0:0, 0:4)

Бүгінде «Томирис» 26 кездесудің 25-інде жеңіске жетті. Команда ең басты қарсыласы – «Айсұлудан» 10 ұпайға алда келеді.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер