Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді
07 Қазан 2026

Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді

Константин Пушкарёв ойыншылары Өскеменде «Торпедоға» қарсы екінші кездесуін өткізді. Бұл жолы да «көшпенділер» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды.

Ойында алғашқы болып алаң иелері есеп ашты. «Торпедо» сапынан Диас Гусейнов сан басымдығын сәтті пайдаланды. Арада екі минут өткенде «Номад» есепті теңестірді. Батырлан Мұратовтың пасынан кейін Олег Бойко мергендік танытты. Кейін Абзал Әлібек елордалықтарды алға шығарды.

Үшінші кезеңде Максим Мұхаметов «Торпедоның» екінші шайбасын соғып, есепті теңестірді. Алдыңғы матчтағыдай, негізгі уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Қосымша уақыт та нәтиже бермеді.

Буллиттер сериясында «Номадтың» үш соққысы да дәлдікпен орындалды. Асанәлі Сәркенов, Батырлан Мұратов және Абзал Әлібек Сергей Кудрявцевті қапы қалдырды. Мұратовтың соққысы «Номадқа» жеңіс әкелді.

«Торпедо» - «Номад» 2:3 Б (0:0, 1:2, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 24:57 Гусейнов (Гатиятов, Бутенко) АГ

1:1 - 26:16 Бойко (Мұратов)

1:2 - 31:16 Әлібек (Шульга, Никитин)

2:2 - 42:34 Мұхаметов (Жирнов, Прохоров)

2:3 - 65:00 Мұратов ЖБ

Қақпашылар: Кудрявцев - Нурек
IMG_6364.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
9 фото
Tomiris

Томирис - Грация

new-preview
Tomiris

Томирис Грацияны жеңді