«Барыс» хоккей клубы елорда тұрғындары мен қала қонақтарын 18 шілде күні Ботаникалық бақ аумағында (Бұқар жырау көшесі жағынан) өтетін спорттық іс-шараға қатысуға шақырады.
Сіздерді «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларымен бірге уақыт өткізуге, түрлі спорттық белсенділіктерге қатысуға және сүйікті хоккейшілеріңізден қолтаңба алуға тамаша мүмкіндік күтеді. Сонымен қатар іс-шара барысында Barys Store фирмалық атрибутика дүкенінің сауда нүктесі жұмыс істейді.
«Барыспен» бірге Спорт күні аясында қонақтарды мынадай спорттық ойындар күтеді:
* Әділ Бекетаевпен футбол;
* Самат Данияр және Әлихан Әсетовпен волейбол;
* Дінмұхамед Қайыржанмен баскетбол;
* Кирилл Панюков пен Кирилл Савицкиймен теннис;
* Ансар Шайхмедденовпен пилатес.
Спорттық бөлімнің басталуы – 10:00.
Қатысу үшін сайтында тегін билет рәсімдеу қажет. Орын саны шектеулі!
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес спорттық ойындарға 16 жастан асқан қонақтар ғана қатыса алады.
Ойыншылардың қатысуымен өтетін қолтаңба сессиясы 11:30-дан 12:30-ға дейін өтеді.
Қолтаңба сессиясына кіру тегін, билет қажет емес.
P.S. Ауа райының ыстық болуына байланысты күннен қорғайтын бас киім алып келуді, сондай-ақ өзіңізбен жеткілікті мөлшерде су алуды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.