Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер командалары арасындағы хоккейден Азия чемпионаты аяқталды. Турнирдің алғашқы матчтарында Қазақстан құрамасы Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберді.
Ал Оңтүстік Корея құрамасына қарсы кездесуде Александр Тебеньков пен Жасұлан Оразбаевтан құралған «Томирис» командасының жаттықтырушылар дуэті жетекшілік еткен қазақстандық қыздар шабуылдағы әлеуетін толық көрсетіп, 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Шайба авторлары - София Зубкова, Аида Олжабаева, Пернеш Ашимова, Малика Алдабергенова және София Муравьева.
Осылайша, жаттықтырушылар штабынан бөлек, 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдесін «Томирис» командасының он бірдей өкілі жеңіп алды: Вероника Агеева, Арина Щёколова, Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай, Екатерина Куценко, София Муравьева, Мадианна Нусупова, Анастасия Оразбаева және Александра Шегай.
Енді қыздарды Qyzdar Ligasy лигасындағы жаңа маусымның басталуы күтіп тұр.
Фото - ҚХФ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.