«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары
09 Шілде 2025

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары

Назарларыңызға «Барыстың» маусым алдындағы дайындығының жоспарын ұсынамыз.

Оқу-жаттығу жиындарының негізгі бөлігі Астанада өтеді. Медициналық комиссиядан өткеннен кейін, 15 шілдеден бастап, екі жақты келісімшарттары бар ойыншылар жаттығуға кіріседі. 1 тамызда оларға біржақты келісімдерге отырған ойыншылар қосылады.

26-29 тамыз аралығында астаналықтар Магнитогорск қаласында өтетін «Иван Ромазан Мемориалы» халықаралық турнирінде өнер көрсетеді.

1 және 2 қыркүйекте «Сибирь» клубымен бақылау кездесулері жоспарланған. Матчтар «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді.

3-6 қыркүйек аралығында Астанада жаңа маусымға дайындықтың соңғы кезеңі өтеді. Тұрақты чемпионат 7 қыркүйекте басталады. «Барыс» өз аренасында «Тракторды» қабылдайды.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_0260.jpg


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыстың екіжақты келісімшарты бар ойыншылары мұз айдынындағы жаттығуларға кірісті

new-preview
Barys

Әлібек пен Сәркенов Барыс жүйесіне қайта оралды

new-preview
Barys

Барыспен бірге Спорт күніне шақырамыз!