Барыс Лададан жеңісті жұлып алды
20 Тамыз 2026

Барыс Лададан жеңісті жұлып алды

Башқұртстан Республикасының кубогіндегі қорытынды матчта «Барыс» «Ладамен» кездесті. Турнирде алғаш рет шабуылшы Тимур Миндубаев пен қорғаушы Дамир Бритиков ойнады. Астаналықтардың қақпасын тағы да Хантер Шепард қорғады.

Есеп екінші кезеңнің басында ғана ашылды. Расим Шакиров турнирдегі үшінші шайбасын соғып, «Ладаны» алға шығарды. «Барыстың» жауабы көп күттірмеді. Батырлан Мұратов жеке өтіп, қақпа алдындағы тиімді позицияда тұрған Ансар Шайхмедденовке дәл пас берді. Ансар мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті теңестірді.

Ойынның шешуші сәті соңғы сиренаға аз уақыт қалғанда болды. Томпсон, Пилон және Симоновтан құралған үштік тамаша қарсы шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде қазақстандық шабуылшы Семён Симонов астаналықтарға жеңіс сыйлады. Кейін Семён матчтың үздік ойыншысы атанды.

Михаил Кравецтің командасы Башқұртстан Республикасының кубогі қорытындысы бойынша екі ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Чейз Приски турнир ұйымдастырушыларының шешімімен жарыстың үздік қорғаушысы атанды.

«Лада» - «Барыс» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 22:39 – Шакиров (Леонтьев, Савчик)

1:1 – 24:15 – Шайхмедденов (Мұратов, Савицкий)

1:2 – 58:17 – Симонов (Пилон, Томпсон)

Қақпашылар: Мишуров – Шепард

«Уфа Арена». 245 көрермен


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

SY__6677.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
15 фото
Nomad

Алматы - Номад

new-preview
15 фото
Nomad

Номад - Актобе

new-preview
Nomad

Қазақстан кубогы. Номад - Ақтөбе матчының алдында