«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясының соңғы ойынында Шығыс конференциясы көшбасшысы «Трактормен» кездеседі.
Жұма күні челябілік команда өз айдынында «Ақ Барсты» жеңді (3:2). «Трактор» кездесудің ортасына дейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан, алайда Никита Коростелевтің дублі мен Александр Кадейкиннің дәл соққысы (маусымдағы 20-голы) айдын иелерінің ойын барысын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Зак Фукале 22 соққыға тосқауыл болды. Бенуа Гру шәкірттерінің шайбамен істеген жұмысы мен қорғаныстағы ойынына көңілі толатынын жеткізіп, қорғаушыларының ойын өрнегін атап өтті.
Маусымның 61 матчында «Трактор» 84 ұпай еншіледі. Оған қоса, челябілік ұжым конференцияның барлық командалары арасынан ең нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді (191 шайба). Максим Шабанов (19+35) – биылғы тұрақты маусымның үздік бес сұрмергенінің бірі.
«Барыс» өткен турда буллиттер сериясында «Ладаны» жеңді. Ойынның негізгі уақытында Кирилл Панюков пен Роман Старченко шайба соқты. Шешуші буллит соққысы Әділ Бекетаевтың еншісіне жазылды. Андрей Шутов 36 соққыны кері қайтарды. Иван Николишин маусымдағы 10-ұпайын олжалады (4+6). Ғалым Мамбетәлиев команданың психологиялық жағдайы үшін бұл жеңістің маңызы зор екендігін айтты.
Қазақстандық ұжым қоржынында 60 кездесуден кейін 31 ұпай бар. «Барыстың» үздік сұрмергені Антон Бурдасов (12+5) өзінің туған қаласында Құрлықтық хоккей лигасындағы 800-матчын өткізеді.
«Трактор» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.